Жаңалықтар

Қазақстандықтар ресейліктерге қандай көмек көрсетіп жатыр?

Ел арасында көрші мемлекеттің азаматтарына көмек беру барысынан жиналған фото мен видеолар таралуда
Қазақстандықтар ресейліктерге қандай көмек көрсетіп жатыр?
Фото: әуесқой түсірілім 28.09.2022 20:21 2288

Соңғы күндері әлеуметтік желіде жанашыр қазақстандықтардың ресейліктерге көмек көрсетіп жатқан фото мен видеолары үлкен жылдамдықпен таралуда. Оның кейбіреуін El.kz ақпараттық-танымдық порталының тілшісі жинақтап шықты. 

Қазақ халқы барша елді өзінің мейірімділігімен, қонақжайлылығымен таңғалдыруды қояр емес. Бұл жолы Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналған азаматтар көрші елдің келеңсіз жағдайда қалған тұрғындарына көмек көрсетуге шешім қабылдады. Оларды мүмкіндігінше азық-түлік, төсек орын жабдықтары, жатар орынмен және тағы да басқа қажетті заттармен қамтамасыз етіп жатыр. 

Бейнежазбадан Орал қаласының тұрғындары ресейліктерді теміржол вокзалынан азық-түлікпен күтіп алып жатқандығын көруге болады. Инстаграм желісіне салынған видео халықтың алғыс білдірген хаттарына толы. «Молодцы ребята. Вот настоящие Казахстанцы», «В этом и есть наш гостеприимный Казахстан! Молодцы ребята!», «Көмек қолын созып жатқандарды Алла қолдасын» деген түрлі пікірлер бар.

Ал мына видеодағы ер азамат көшіп келушілерге теміржол вокзалының алдында тұрмыз, осында келіп су, төсек-орын жабдықтары, SIM карталарды алып кете аласыздар дейді. Кімге қандай көмек керек, барлығына қолымыздан келгенше қолұшын созамыз деп отыр.


Оған қоса теміржол вокзалының маңайы адамдарға лық толы екенін бейнежазбадан аңғаруға болады. Орал қаласының тұрғындары көліктеріне қажетті заттарды тиеп әкеліп, көмек беруде. Сондай-ақ елімізге келген азаматтарының бір топ болып жиналып, көмек алу үшін кезекте тұрғаны көрінеді. 



Сондай-ақ Петропавл, Астана қаласының жанашыр тұрғындары келген азаматтарды уақытша үймен қамтамасыз етіп, қолдарынан келген көмегін аямай беріп жатыр. Ақпаратты өздерінің әлеуметтік желідегі парақшаларына жазып, тарату үстінде.

Қазақстандықтар ресейліктерге қандай көмек көрсетіп жатыр?

Қазақстандықтар ресейліктерге қандай көмек көрсетіп жатыр?

Ал Атырау қаласының жергілікті тұрғындары ресейліктердің кинотеатрларда түнеп жүргенін естіп бірден көмек беруге шешім қабылдаған. Көрші елінің азаматтарына қалада орналасқан жаңа жатақханалардан орын ұсынуда. 

Қазақстандықтар ресейліктерге қандай көмек көрсетіп жатыр?

Қазақстандықтар ресейліктерге қандай көмек көрсетіп жатыр?

Қазақстандықтар ресейліктерге қандай көмек көрсетіп жатыр?


 

Сонымен қатар қазіргі таңда TikTok желісінде ресейліктердің қазақстандықтарға мейірімділігі үшін Алғыс айту тренді жүріп жатыр. Көрші мемлекетімізден келген азаматтардың бірі «Қазақстанға келгенімізге 2 күн болды. Отбасыммен бірге Ақтөбе қаласына тұрақтадық. Ең алдымен қазақстандықтарға үлкен алғысымды білдіремін. Себебі бізді асқан мейірділікпен жылы қарсы алды. Бір отбасы өзінің үйіне кіргізіп, уақытша тұруға мүмкіндік берді. Әзірге осы жерде тұрып жатырмыз» деп рахметін айтты.

Бізді бүкіл әлем қонақжай, бауырмашыл, мейірімді халық ретінде біледі. Қазір де өзіміздің барлық жақсы қасиеттерімізді көрсете отырып, немқұрайдылық танытпай, кез келген жағдайға тап болған барша мемлекет тұрғындарына барынша қолұшын созудамыз.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға