Жаңалықтар

Астанада полицей балшыққа батып қалған баланы құтқарып қалды

Астанада полицей балшыққа батып қалған баланы құтқарып қалды
Фото: Видеодан кадр 08.05.2024 14:35 778

️Астанада полиция қызметкері балшыққа батып қалған баланы құтқарып қалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

7-8 жастағы балалар су маңында ойнап жүрген. Балалардың бірі судағы допты алып шықпақ болып, балшыққа батып қалған. Мұны көрген екінші бала айқайлап, көмекке шақырған.

ІІМ Дипломатиялық өкілдіктерді күзету жөніндегі мамандандырылған күзет қызметі басқармасының қызмет инспекторы Сұлтан Орынбек жедел әрекет етіп, баланы балшықтан алып шықты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға