Жаңалықтар

«Қазгидромет» алдағы аптаға арналған ауа райы болжамын ұсынды

«Қазгидромет» алдағы аптаға арналған ауа райы болжамын ұсынды
Фото: ©El.kz 21.04.2024 06:08 13157

Қазақстан аумағының 3%-ында қар жатыр. Қар жамылғысы негізінен Шығыс Қазақстан, Абай, Жамбыл, Түркістан, Алматы мен Жетісу облыстарының жыраларында, орманды және таулы аймақтарында сақталған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«Қазгидромет» синоптиктердің болжамынша, 20-26 сәуірде Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, тек кей күндері жауын-шашынсыз ауа райы болады.

Жаңбыр жауады, кезеңнің басы мен ортасында Шығыс Қазақстан облысында, кезең аяғында Қазақстанның солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында, Абай облысында түнгі сағаттарда жаңбыр қарға ұласады (20, 22-24 сәуірде Шығыс Қазақстан облысында, 25-26 сәуірде Қостанай, Павлодар облыстарында, 25 сәуірде Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды және Абай облыстарында. Қатты жаңбыр 23, 25 сәуірде Жамбыл облысында, 26 сәуірде Түркістан, Алматы, Жетісу облыстарында жауады деп болжануда, - деді «Қазгидромет» РМК баспасөз хатшысы Алина Исмагулова.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға