Жаңалықтар

Астанада экоакция кезінде рұқсат етілмеген қоқыс полигондары жойылды

Астанада экоакция кезінде рұқсат етілмеген қоқыс полигондары жойылды
Фото: Астана қаласы әкімдігі 07.05.2024 17:39 396

Астанада «Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» экоакциясы аясында рұқсат етілмеген екі полигон жойылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Елорда әкімдігінің ресми сайтының мәліметінше, 1500-ден астам студент пен елордалық мәслихат депутаттары «Нұра-Есіл» каналынан 200 тоннадан астам қоқыс жинады. Рұқсат етілмеген қоқыс орындарынан қоқыс шығару үшін 30-дан астам ауыр жүк рейсі жасалды.

Елордалық депутаттар осы экологиялық акцияға белсенді қатысып жатыр. Бүгін біз «Нұра-Есіл» каналын тазалау акциясын ұйымдастырдық. Акцияға студенттер белсенді қатысып жатыр. Қаланың тазалығы әрқайсымыздан басталады, ал тазалықты сақтау – бәріміздің ортақ жауапкершілігімізде. Бұл өскелең ұрпаққа үлгі болады. Бұл бастама қоршаған ортаны қорғауға ұжымдық қатысудың маңыздылығын көрсетеді. Мұндай іс-шаралар біздің экологиямыздың жай-күйін жақсартуға көбірек адамдарды белсенді қатысуға ынталандырады деп үміттенемін, - деді елордалық мәслихат депутаты Ғабит Тәжімұратов.

Астанада экоакция жалғасуда.

Естеріңізге сала кетейік, ауқымды экоакция аясында қаланы санитарлық тазарту, нөсер және арық канализациясы, көшелерді, тротуарларды, кварталішілік аумақтарды, қоғамдық кеңістіктер мен аулаларды тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ жасыл желектерді күтіп-ұстау және отырғызу, сауда объектілеріне іргелес аумақтарды жинау, көгалдар мен гүлзарлар орнату, рұқсат етілмеген полигондарды жою және т.б. жұмыстар жүргізілуде.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға