Жаңалықтар

Полицейлер 101 жасқа келген соғыс ардагерін құттықтады

Полицейлер 101 жасқа келген соғыс ардагерін құттықтады
Фото: Видеодан кадр 07.05.2024 23:40 932

Жеңіс күні қарсаңында Алматы облысының полицейлері Екінші дүниежүзілік соғыс пен мен ішкі істер органдарының 101 жастағы ардагері Тәңірберген Толғанбаевтың үйіне барды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Облыстық Полиция департаментінің бастығы Бауыржан Әленов Ішкі істер министрі, генерал-лейтенант Ержан Сәденовтың жеке құттықтау хатын оқып, естелік сыйлықтар табыс етті.

9 мамыр – ерекше күн, қасиетті мереке. Бұл күні біз бәріміз фашизмге қарсы ұлы соғыста жеңіске жеткен аға буынымызға құрмет пен ризашылық білдіреміз. Тәңірберген Толғанбаев – сол батырлардың бірі, – деп атап өтті Бауыржан Әленов. 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от 🇰🇿 АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ПОЛИЦИЯСЫ (@police_almobl)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға