Жаңалықтар

Астана әкімі ардагерлерді Жеңіс күнімен құттықтады

Астана әкімі ардагерлерді Жеңіс күнімен құттықтады
Фото: Астана қаласы әкімдігі 08.05.2024 16:43 424

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында ардагерлерді арнайы құттықтағанын мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ардагерлерді Жеңіс күнімен құттықтадым! Олардың ерлігінің, жанкештілігі мен қайсарлығының арқасында елімізде тыныштық пен береке орнады. Мемлекет басшысының атынан Раиса Егоровнаға III дәрежелі «Айбын» орденін табыстадым. 1944 жылы Раиса Егоровна өз еркімен майданға аттанған. Румынияны, Венгрияны, Бессарабияны азат етуге үлес қосқан. Ал негізгі Жеңіс күнін Будапешт қаласында атап өтті. Раиса Егоровна келер жылы 100 жасқа толады, - деп жазды әкім.

Қала әкімінің айтуынша, Жақан Сейсебаев 17 жасында әскерге шақырылған. Беларусь жерін азат етуге қатысып, құпия бөлімде нысанашы болды. Жақан Сейсебаев та келер жылы 100 жасқа толады.

Қатал тағдыр Ұлы Отан соғысының әрбір ардагері мен қатысушысын ешқашан қайыстырмаған. Олардың қиындыққа толы өмір жолы кейінгі ұрпаққа қашанда үлгі болмақ. Біздің борышымыз – оларға құрмет көрсету, ерліктерін еске алу. Жеңістің 79 жылдығы құтты болсын! Ардагерлер мен тыл еңбеккерлеріне зор денсаулық, амандық тілеймін!, - деп жазды Жеңіс Қасымбек.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға