Жаңалықтар

8 мамырға арналған ауа райы болжамы

8 мамырға арналған ауа райы болжамы
Фото: El.kz 08.05.2024 09:12 344

"Қазгидромет" синоптиктері 8 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бүгін оңтүстік циклоны және онымен байланысқан атмосфералық фронталды бөліктер ҚР территориясының басым бөлігіне найзағайлы жаңбыр, батысқа қатты жаңбыр, бұршақ алып келеді. Тек еліміздің солтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Ел аумағы бойынша желдің күшеюі, батысы мен оңтүстігінде дауыл, оңтүстік-батысы, солтүстік-батысы мен орталығында түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман күтіледі.

Түнде Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарының шығысында, Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде топырақ бетінде 1-2 градус үсік күтіледі.

Қарағанды облысының орталығы мен оңтүстігінде, Ұлытау облысының орталығында, Қызылорда, Түркістан облыстарының батысында, Абай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға