Жаңалықтар

Атырауда және Құрманғазы ауданында ұзындығы 345 км бөген салынды

Атырауда және Құрманғазы ауданында ұзындығы 345 км бөген салынды
Фото: t.me/ortcom_kz 07.05.2024 17:04 661

Атырау облысында Жайық өзені су деңгейіне мониторинг, су басқан үйлерден су сору жұмыстары тәулік бойы жалғастырылуда, хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Атырау қаласында және Құрманғазы ауданында ұзындығы 345 км бөген салу жұмыстары жүргізілді, - деді ТЖМ өкілі Асқар Шәріп ОКҚ алаңында өткен брифингте.

Солтүстік Қазақстан облысында құтқарушылар Қызылжар ауданының Прибрежное ауылының тұрғындарына азық-түлік жеткізуде. Қостанай облысы ТЖ департаментінің күштері мен құралдары Петропавл қаласының Подгора шағын ауданында су тасқынына қарсы жұмыстарға кірісті.

Республика бойынша 9 660 тұрғын үй мен 3 213 аула аумағынан судың бағыты бұрылып, су сорылды. 16,4 млн еріген қар суы сорылды. 50 670 адам өз үйлеріне оралды. 5 436 адам уақытша орналасу пункттерінде қалуда.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға