Жаңалықтар

Кәсіпкер Райымбек Баталов пен Салтанат Нүкеноваға қатысты әңгімеге нүкте қойылды

Кәсіпкер Райымбек Баталов пен Салтанат Нүкеноваға қатысты әңгімеге нүкте қойылды
Фото: Коллаж El.kz 25.04.2024 09:35 10054

Сот отырысында Қуандық Бишімбаев әйелін Салтанат Нүкенова мен танымал кәсіпкер Райымбек Баталовтың қарым-қатынасы жөнінде мәлімдеген еді. Сондай-ақ Қуандық Бишімбаев Нүкенова қайтыс болған күні түсірген видеоларда Райымбек Баталовтың есімі анық аталған еді. Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді елдің сұрағына жауап беріп, бұл әңгіменің нүктесін қойды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бүгін басты сот тергеуі аяқталды. Қазір тек бір мәселені талқылап, нүктесін қойғым келеді. Өйткені бұл тақырып өте маңызды. Мен қазір Линара және Райымбек Баталовтарға қолдау білдіргім келеді, – деді марқұмның ағасы.

Айтбек Амангелдінің айтуынша, Қуандық Бишімбаев бір сұрақты қайталап қойып, Салтанаттан өзіне ұнайтын жауапты естіп, видеоға түсіріп, кейіннен боп салағысы келген.

Кеше біз телефоннан бейнежазбаны қараған кезде судья соңғы түсірілген видеоларды қойды. Сондықтан көпшілік түсінбей қалды. Видеоның басында Салтанат ұзақ уақыт бойы өзіне қойылған сұрақтарға нақты жауап береді, ал айыпталушы сұрақтың жауабы өзіне ыңғайлы болмайынша қайталап қоя берді, – дейді Айтбек Амангелді.

Марқұмның ағасы тыңдатқан аудиожазбада Салтанат Нүкенова Райымбек Баталовпен ешқандай байланысы болмағанын айтады.

Айта кетейік, Қуандық Бишімбаев Салтанат Нүкеноваға бір сұрақты қойып, 12 рет видео түсірген. Кәсіпкер Райымбек Баталов та өзіне күйе жағылып жатқанын айтып, мәлімдеме жасаған еді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға