Жаңалықтар

«Су кет». АҚШ-та жүрген Марат Омаров жаңа ән шығарды

«Су кет». АҚШ-та жүрген Марат Омаров жаңа ән шығарды
Фото: instagram.com/marat_omarov_kz 18.04.2024 10:40 8962

Қазақстандық танымал әнші әрі композитор Марат Омаров су тасқынынан зардап шеккен отандастарына ән жазып шығарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әнші қазіргі таңда Америка құрама штаттарында жүр. Өнер иесі елдегі жағдайға асқан алаңдаушылық білдіріп, жаңа ән шығарған.

Алыста жүрседе,осы болып жатқан жайтты көріп,әкемнің жүрегі ауырып шыққан әні…, - деп жазды әншінің қызы Зарина Омарова.

Желі қолданушылары өнер иесінің әнін жылы қабылдаған.

"Жақсы мағыналы жүректен шыққан жылағың келеді", "Су кет кет деп ән шығарыңыз енді", "Әнін естіп, көзге жас келді, шын жүректен шыққан", - деп жазып жатыр желі қолданушылары.

Еске сала кетейік, сазгер пандемия кезінде "Коронавирус, кет, кет, кет" деген әнін шығарған еді.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Зарина Омарова (@zarina_omarova_official)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға