Жаңалықтар

Танымал әнші 21 отбасыға баспана сыйлайды

Танымал әнші 21 отбасыға баспана сыйлайды
Фото: Видеодан кадр 06.05.2024 05:28 9713

Кalifarniya деген атпен танымал әнші Фархат Қалиев 8 сәуірде өңірлерге концертін бастайды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әншінің айтуынша,  алғашқы ән сапарын ерекше етіп өткізуді ұзақ ойлаған. 

Бұл менің ең ауқымды гастрольдік сапарын болғалы тұр. Бұйырса, еліміздің 21 қаласын аралауды жоспарлап отырмын. Мен әр ән кешімде халықпен тығыз байланыс орнатқанды жақсы көремін. Сол себепті, әр қаладағы тыңдармандарыма тосын сый жасағым келді, - дейді ол. 

21 қаладағы ән кешінде 21 отбасына баспана сыйлау идеясын жүзеге асырмақ ниеті бар.

Келіншегім Әнелдің идеясы бұл. Басында "қалай болар екен?" деген ой да, жүрексіну де болды. Бірақ Алла қолдап, тыңдармандарым демеп, бұл ниетімізге жетеміз деп ойлаймын, - деді Фархат Қалиев.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға