Жаңалықтар

Қазақстандағы ең жас автошабандоз жол апатынан қайтыс болды

Қазақстандағы ең жас автошабандоз жол апатынан қайтыс болды
Фото: instagram.com/sokol_international_circuit 07.05.2024 19:25 730

Қазақстандағы ең жас шабандоз павлодарлық Анатолий Кин көз жұмды. 16 жасар жігіт жарыстан қайтып келе жатып жол апатынан қаза тапты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл қайғылы хабар СТК Сокол автодромының желі парақшасында жарияланды.

Павлодар жолындағы жол апаты бәріміз үшін қайғылы оқиға болды. Біздің чемпионаттың ең талантты шабанжоздарының бірі көз жұмды. Біз сені мақтан тұтамыз және сен біз үшін 16 жасар Толя ретінде мәңгі есімізде қаласың, - делінген жазбада.

Жас дрифтші өткен демалыс күндері Алматыда өткен көше дрифті жарысынан кейін әкесімен бірге Павлодарға үйіне қайтып бара жатқанда жол апатына түскен.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға