Жаңалықтар

Оралда 59 жастағы әйелді өлтірген күдікті ұсталды

Оралда 59 жастағы әйелді өлтірген күдікті ұсталды
Фото: El.kz/Арман МҰХАТОВ 28.04.2024 06:40 7702

Орал қаласында 59 жастағы әйелді өлтірген күдікті ұсталды. Бұл туралы БҚО полиция департаменті мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

25 сәуір күні сағат 14.50-де Орал қаласы полиция басқармасының кезекші бөліміне өзінің мекенжайынан 1964 жылғы әйелдің мәйіті табылғаны жөнінде хабар түскен. Оның денесінде зорлық-зомбылықпен өлтіру белгілері бар екендігі анықталды.

Кісі өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Кешенді жедел іздестіру іс-шаралары барысында сол күні күдікті анықталып, қылмыстың ізі суымай қолға түсті. Ол Орал қаласының бұрын сотталған тұрғыны болып шықты. Қазіргі кезде күдікті сот санкциясымен қамауға алынды. Тергеу амалдары жалғасуда. Тергеу мүддесіне сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды», - деді БҚО полиция департаментінің ресми өкілі Нұржан Қуанғали.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға