Жаңалықтар

Астанада құны 50 млн теңге болатын 10 тонна насыбай өртенді

Астанада құны 50 млн теңге болатын 10 тонна насыбай өртенді
Фото: Астана қаласы әкімдігі 08.05.2024 15:49 320

Астанада рейдтер барысында аудандық әкімдіктер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері тағы 10 тонна насыбай тәркіледі. Оның құны 50 миллион теңгеден асады. Тәркіленген барлық өнім жойылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«Жастар рухы» ЖК белсенділері насыбайды жою жөніндегі акцияны өткізу барысында «Таза Қазақстан» туы желбіреді.Осылайша жастар экоакцияны қолдап, тыйым салынған заттардың зиянды әсерін атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, 18 наурыздан бастап Астананың барлық ауданында вейп пен насыбайдың заңсыз таралуы мен қолданылуын анықтау бойынша рейдтер өтіп жатыр. Полицейлер сауда нүктелерін тексереді және 25 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде айыппұл сала отырып, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің (ӘҚБтК) 196-бабына сәйкес құқық бұзушыларды әкімшілік жауапкершілікке тартады. Анықталған өнімдер жергілікті орындардан тәркіленеді.

Біз өз қаламызды жаман әдеттерден арылтамыз. Жастарды және еліміздің басқа өңірлерін жаман әдеттердің орнына спортпен және басқа да пайдалы істермен айналысуға шақырамыз. Бұл ауқымды акция, ол бойынша жұмыс тұрақты негізде жүріп жатыр, - деді елорданың Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Самат Ибраев.

Айта кету керек, бұған дейін елордада 4 тонна шегілмейтін темекі өнімдері жойылған болатын.

Шегілмейтін темекі өнімдері денсаулыққа ғана емес, біздің даму мәдениетімізге де кері әсер етеді. Адамдар түкіреді, ашуланшақ болады, тыйым салынған заттарды пайдаланады. Бұл біздің елордамызға зиян тигізеді. Акция өте дұрыс, - дейді ерікті Жанель Әкежанова.

Елордада «Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» атты экологиялық акциясы өтіп жатыр. Бұл апта «Мөлдір бұлақ» деп аталады, оның барысында су айдындары – өзендер мен көлдердің айналасы қоқыстан тазартылады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға