Жаңалықтар

Түркістанда соғыс және еңбек тыл ардагерлеріне мерекеге орай материалдық көмек берілді

Түркістанда соғыс және еңбек тыл ардагерлеріне мерекеге орай материалдық көмек берілді
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 08.05.2024 05:23 506
Түркістан облысында Екінші дүниежүзілік соғысы және еңбек тыл ардагерлеріне мерекеге орай материалдық көмек берілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсия Темірбаеваның мәліметінше, бүгінгі таңда Түркістан облысында Екінші дүниежүзілік соғысына қатысқан және оларға теңестірілген 3 654  азамат тұрады. Оның 11-і соғыс ардагері, 121-і соғыс қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілгендер, 3510-ы тыл еңбеккерлері мен қайтыс болған соғыс ардагерлерінің әйелдері.
Өңірдегі 3 654 ардагерге бір реттік материалдық көмек берілді. Атап айтқанда, соғыс қатысушыларына – 1,5 млн теңге, кәмелетке толмаған соғыс тұтқындарына – 100 мың теңге, блокадалық Ленинградтың тұрғындарына – 60 мың теңге, тыл еңбеккерлеріне – 30 мың теңге берілді. Сонымен қатар, ҰОС ардагерлеріне облыс әкімінің атынан құттықтау адресаттары табысталды. Мерекеге орай облыстағы кітапханалар мен музейлерде соғыс ардагерлеріне арналған көрмелер мен еске алу шаралары өткізілмек. Одан бөлек, Р.Сейтметов атындағы Түркістан қаласының сазды-драма театрында «Күтпеген кездесу» спектаклі қойылады. Сондай-ақ, патриотизмге баулу мақсатында әр аудан мен қалалардың орталық көшелерінде cоғыс ардагерлерінің суреттерімен билбордтар орналастырылады,- деді басқарма басшысы.
Әсия Темірбаеваның сөзінше, мерекеге орай денсаулық сақтау саласы тарапынан 500-ге жуық ардагердің үйінде медициналық қызмет көрсетілді. Одан бөлек облыстағы «Ардагерлер үйі» мен «Мейір» ардагерлер үйінде жыл сайын 8 мың-ға жуық жекелеген санаттағы азаматтар емделуде.
Ардагерлердің үйіргелік ауласын тазалау, жерін аудару жұмыстары да жүргізілуде. Бүгінде аудан мен қала әкімдіктеріндегі мектеп және саябақтарда орналасқан 100-ден астам ескерткіштерге тазалық жұмыстары жүргізілді.
Айта кетсек, жалпы Түркістан облысынан Ұлы Отан соғысына 140 мыңнан астам азамат аттанып, оның 70 мыңы елге оралған. Оның ішінде, 51 – Кеңес Одағының батырлары, 1 – Халық қаһарманы және 8 – III дәрежелі «Даңқ» ордені кавалерлері атағын алғандар.
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға