Жаңалықтар

«Кешіруге дайынбыз». Нүкеновтер отбасы Бишімбаевтың інісі туралы мәлімдеме жасады

«Кешіруге дайынбыз». Нүкеновтер отбасы Бишімбаевтың інісі туралы мәлімдеме жасады
Фото: ҚР Жоғарғы сот 10.04.2024 10:22 16904

Сот кулуарында Салтанат Нүкенованың ағасы Қайрат Нүкенов Қуандық Бишімбаевтың інісі Бақытжан Байжанға қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қайрат Нүкеновтің айтуынша, Бақытжан Байжанов бәрін ағасы Қуандық Бишімбаевтың ықпалымен істеген.

Ол бүгінгі таңда тек ағасының кесірінен тергеліп жатыр. Ол бес ай бойы тергеліп жатқаны үшін ағасына “көп рахмет” айтуы керек. Оның балалары барын білеміз. Әйелі, әке-шешесі бар. Әке-шешесімен кездестік. Өте жақсы отбасы. Маған солай көрінді. Байжанов Бишімбаев сияқты емес, ол бәрін соның ықпалымен істеген. Ол сотта шын жауап берсе, біз де адамбыз ғой. Кешіруге дайынбыз, – деді Қайрат Нүкенов сот кулуарында.

Айта кетейік, Астанадағы сот отырысында Бақытжан Байжанов Қуандық Бишімбаев өзіне қысым жасалып жатқанын мәлімдеген.

Сот отырысында Байжанов Бишімбаевтан бөлек отырғысы келетінін айтты.

Бишімбаевтың Байжановқа сөйлеуге мүмкіндігі болмаса екен. Байжанов өзіне қысым көрсетіліп жатыр деп санайды. Олардың арасында қақтығыс болып жатыр. Тым құрығанда ертең бөлек отырса екен, - дейді Бақытжан Байжановтың адвокаты.

Судья мән-жайды Бақытжан Байжановтың өзінен сұрады.

Ол маған жауап беру кезінде "былай айт, былай айт" деп қысым көрсетіп жатыр, - деді Бақытжан Байжанов.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға