Жаңалықтар

Теміртауда жантүршігерлік жол апатынан екі бала қаза тапты

Теміртауда жантүршігерлік жол апатынан екі бала қаза тапты
Фото: Видеодан кадр 07.05.2024 22:29 919

Теміртау қаласындағы ақылы жол бойында жантүршігерлік жол апатынан екі бала қайтыс болды. Оқиға бүгін "Алматы-Екатеринбург" тас жолында болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Журналист Денис Денскидің Instagram парақшасындағы ақпаратқа сүйенсек, Toyota Camry мен  Chevrolet Nexia автокөліктрі соқытығысқан. 

Chevrolet Nexia көлігінде болған екі бала оқиға орнында қайтыс болды. Екі көлікте болған 10 жолаушы түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Жол апаты бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталуда, - деп жазды автор. 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от БЛОГ Дениса Денски (@denski_blog)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға