Жаңалықтар

«Таза Қазақстан»: Прокурорлар терек пен қайың көшеттерін отырғызды

«Таза Қазақстан»: Прокурорлар терек пен қайың көшеттерін отырғызды
Фото: Видеодан кадр 08.05.2024 06:40 344

«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында прокурорлар көшет отырғызды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қарағандыда Әлихан Бөкейхан ауданы прокуратурасының және Қарағанды көлік прокуратурасының қызметкерлері аудандық прокуратура аумағында терек пен қайың ағаштарын отырғызды. 

Бас прокуратураның хабарлауынша, өткізілген іс-шараның негізгі мақсаты қаланы көгалдандыру ғана емес, сонымен қатар азаматтар арасында экологиялық мәдениет деңгейін арттыру және қоршаған ортаға ұқыпты қарау.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға