Жаңалықтар

Бишімбаев Нүкенова қайтыс болған күні басқа әйелмен сөйлескен

Бишімбаев Нүкенова қайтыс болған күні басқа әйелмен сөйлескен
Фото: ҚР Жоғарғы сот 23.04.2024 12:15 11503

2023 жылы 9 қарашада Қуандық Бишімбаев әйелі Салтанат Нүкенова қаза тапқан күні басқа әйелмен жайбарақат күйде хат алмасқан, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Судья Қуандық Бишімбаевтың телефонынан  «Юлия супер» деп сақталған адаммен жазысқан хаттарды оқыды. Хат 9 қараша сағат 19:07-де басталып, сағат 19:36-да аяқталған.

19:07 Бишімбаев: Қалың қалай?

Юлия супер: Сенің қалың қалай?

19:24 Бишімбаев: Не істеп жатырсың?

Юлия супер: Кірпігімді жөндеттім.

19:36 Бишімбаев: Боссың ба?

Юлия супер: Нешеде? 

Мемлекеттік айыптаушы Бишімбаевтан бұл кім екенін және өлім болатын күні оған не мақсатта жазғанын сұрады.

Осының бәрін жазғаным Салтанатқа бірдеме болды деп ойламағанымды дәлелдейді,- деді сұраққа нақты жауап бере алмаған Бишімбаев.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға