Жаңалықтар

Шетелдіктер қазақстандық әскерилердің жұмысы мен тапқырлығына тамсанады – Голан биіктігіндегі бітімгер

Шетелдіктер қазақстандық әскерилердің жұмысы мен тапқырлығына тамсанады – Голан биіктігіндегі бітімгер
Фото: Қорғаныс министрлігі Қазақстандық бітімгершілік операциялар орталығы баспасөзі 07.05.2024 15:00 852

Биыл ҚР Парламент Мәжілісі Қазақстанның 430 әскери қызметшісі Біріккен Ұлттар Ұйымының бітімгерлік миссиясына қатысуын мақұлдады. 14 наурыз күні  алғашқы 139 әскери қызметші Голан биіктерінде бітімгерлік миссиясын орындауға аттанды. Олардың қатарында El.kz ақпарат агенттігінің бүгінгі кейіпкері Самат Акимов та бар. Ол Сирия мен Израильдің екі ортасында орналасқан өңірдегі бүгінгі ахуал туралы айтып, өз тәжірибесімен бөлісті. 

Самат Акимов – 2008 жылы Бауыржан Момышұлы атындағы Алматы республикалық әскери мектеп интернатынын түлегі атанып, 2010 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері қатарында қызмет етті. 2012 жылы Талдықорған қаласындағы Ілияс Жансүгіров атындағы университетте заңгер мамандығы бойынша тәмәмдаған.  

Самат бітімгер ретінде алғашқы тәжірибесін 2018-2019 жылдары Ливанда бастаған. Сөзінше, бітімгер болу оңай емес. Оған үлкен күш-жігер мен дайындық және талап пен еңбек керек. Осындай табандылығының арқасында бүгінде Голан биіктерінде бітімгер ретінде миссиияға қатысуда.

Шетелдіктер қазақстандық әскерилердің жұмысы мен тапқырлығына тамсанады – Голан биіктігіндегі бітімгер

Фото: Қорғаныс министрлігі Қазақстандық бітімгершілік операциялар орталығы баспасөзі

Әр әскери қызметші БҰҰ-ның бітімгершілік миссиясына аттанбас бұрын арнайы жауынгерлік және дене жаттығулары дайындығынан өтеді, сонымен қатар шет тілін (ағылшын) білу деңгейі жоғары болуы шарт.

БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы басқа елдермен тәжірибемізді бөлісе аламыз. Өзге мемлекетте бітімгершілік жолындағы жауынгерлік дайындықтар өзгеше, тіпті жоғары деңгейдегі дайындықты талап етеді. БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы Ливанда өткен кезде де жоғары дәрежеде дайындалдық. Ол кезде біздің құрам үндістандық әскерилермен бірге дайындалған еді. Ал қазір бітімгерлік миссияларға жеке құрам болып өзіміз дайындық жұмыстарын жүргіземіз. Ливандағы миссия дайындық, бағалау тұрғысынан қиын болды. Дегенмен 6 ай бойы миссиямызды ешбір қателіксіз орындап шықтық, - деді Самат Акимов.  

Бүгінде Голан биіктерінде 12 мемлекет бітімгер ретінде миссиясын орындап жатыр. Олардың әрқайсысының өзіндік қызметі мен жұмыс тәртібі белгіленген. Мәселен, қазақстандық бітімгерлермен бірге Үндістанның, Непалдың 300-ден астам жеке құрамдары қызмет атқарады.

Шетелдіктер қазақстандық әскерилердің жұмысы мен тапқырлығына тамсанады – Голан биіктігіндегі бітімгер

Фото: Қорғаныс министрлігі Қазақстандық бітімгершілік операциялар орталығы баспасөзі

Кейіпкеріміз Самат Акимов өңірдегі «Фауар» базасында қызметте. Ол бүгінде өңірдегі екінші қызметіне үйренісіп қалғанын жеткізді. Дегенмен әр нәрсенің өзіндік қиындықтары барын да жасырып қалмады.

Өзге елге бітімгерлік миссия орындауға келген кезде ең алдымен адаптациялануға уақыт керек. Себебі, өз елінде жауынгерлік дайындықтан өтіп жүріп, басқа елге келген кезде уақыт айырмашылығы, ауа райының құбылдамылылығы және басқа да факторлар өзіндік қиындықтарын туғызады. Ал жалпы бітімгершілік миссиясын орындау барысында әзірге қиындық туғызған сәті болмады. Үндістан, Непал мен Уругвай мемлекетінің сержанттары қазақстандық әскерилердің жұмысы мен тапқырлығына тамсанып жатыр десек те болады. Голан биіктігінде бітімгерлер үлкен бағыттағы саланың бір базасында жұмыс істесе, қалған бөлігі басқа базаларға жауапты болады. Атап айтқанда, Непалдің өзінің бір контингентінде 2 ротасы бар. Ол: инженерлік және бітімгершілік ротасы. Сонымен қатар бақылаушылардың да қызметі маңызды, - дейді ол.   

Самат Акимов – БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясындағы барлау тобы командирінің орынбасары. Оның сөзінше, бітімгерлер аптасына 4 түрлі ротадан тапсырма алады, сонымен қатар аптасына 2 рет БҰҰ миссиясын Голан биіктерінде атқарып жүрген өзге мемлекеттердің посттарына барып, танысып, қарым-қатынасты нығайтуға атсалысады. Арнайы жиналыстарға қатысып, барлау жұмыстарына белсенді араласады.

Шетелдіктер қазақстандық әскерилердің жұмысы мен тапқырлығына тамсанады – Голан биіктігіндегі бітімгер

Фото: Қорғаныс министрлігі Қазақстандық бітімгершілік операциялар орталығы баспасөзі

Голан биіктерінде барлық мемлекеттерден келген бітімгерлерге бір деңгейде тапсырма беріледі. Қазақстан контингенті осы миссияда 5 аумаққа жауап береді.  Аптасына 2 рет патрульге және 2 рет посттарды аралауға шығады.  Себебі, ол жерде техникаларды, қару-жарақтарды қолданасың. Біз тәртіптік, жауынгерлік және дене дайындық жаттығулар жағынан да тәжірибемізді көрсетіп жатырмыз. Төтенше жағдайлар аясындағы тапсырмаларды да жедел штабпен орындауға тырысамыз, - дейді кейіпкеріміз.

15 жылға жуық әскери салада қызмет етіп жүрген Самат Акимов «Голан биіктеріндегі БҰҰ-ның миссиясы аяқталған соң елге ерекше сағынышпен оралатынын, ата-анасы мен отбасына аман-есен жетудің өзі бір бақыт» екенін айта кетті.   

Шетелдіктер қазақстандық әскерилердің жұмысы мен тапқырлығына тамсанады – Голан биіктігіндегі бітімгер

Фото: Қорғаныс министрлігі Қазақстандық бітімгершілік операциялар орталығы баспасөзі

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға