Жаңалықтар

Алматыда бірнеше коммерциялық нысан бір мезетте сүрілді

Алматыда бірнеше коммерциялық нысан бір мезетте сүрілді
Фото: instagram.com/akimat_almaty 08.05.2024 07:20 482

Алматыда сот шешімі бойынша қоғамдық тамақтандыру нысандары мен дүкен бір мезетте бұзылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Қала құрылысын бақылау басқармасының мәліметінше, Түркебаев көшесі №88 үй бойында орналасқан ғимаратты жоспардан тыс тексеру кезінде басқарма қосалқы нысанның рұқсат құжаттарынсыз салынғаны анықталған. Меншік иесіне (жеке тұлғаға) қатысты жол берілген бұзушылықтарды жоюға нұсқама бере отырып, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 316-бабы 1-бабы, 321-бабы, 323-бабы бойынша шаралар қабылданды.

2023 жылдың 18 мамырында АЭАС-қа бұзу туралы талап қойылды, оны сот қанағаттандырды. Кейін меншік иесі апелляциялық шағым берді, алайда бірінші сатыдағы соттың шешімі Алматы қалалық сотының 2023 жылғы 17 қазандағы қаулысымен өзгеріссіз қалдырылды. Нысан сот орындаушыларының қатысуымен сүрілді,-делінген басқарма хабарламасында.

Айта кетсек, бұған дейін Алматы әкімі Ерболат Досаев заңсыз құрылысты бақылауды күшейтуді тапсырған болатын. 
Жалпы қала бойынша талап қою қызметінің нәтижелеріне сәйкес былтырдан 28 заңсыз нысан, оның ішінде бизнес-орталықтар, мейрамханалар, қосалқы нысандар мен автосервистер, сондай-ақ «Мечта» және KHAN сияқты ірі тұрғын үй кешендері бұзылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға