Жаңалықтар

Атырауда Жайық өзенінің жағасы тәулік бойы бақылануда

Атырауда Жайық өзенінің жағасы тәулік бойы бақылануда
Фото: Атырау облыстық жедел штаб 08.05.2024 02:37 842

Атырау қаласында су деңгейінің күннен күнге көтерілуіне байланысты Жайық өзені тұсындағы елдімекендердің жағалауына тәулік бойы кезекшілік қойылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Облыстық жедел штабтың мәліметінше, 26,27,28,29,30 учаскелерінде кезекшіліктің бір құрамы 08:00-20:00 сағат аралығында, екінші құрамы түнгі ауысымға, яғни, 20:00-08:00 аралығында арнайы жасақталған кесте бойынша бақылауға тұрады.

4 мамырдан бастап жағада тәулік бойына кезекшілік қойылды. Кезекшілердің міндеті су деңгейін бақылап, хабардар ету және бөгеттің жағдайын да назардан тыс қалдырмау керек. Кезекші құрамға керекті арнайы техника, етік, фонарик берілді, - деді 26-30 учаскелерінің координаторы Әбіл Тауфихұлы.  

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға