Жаңалықтар

«Менің тағдырым сөз болып жатыр». Бишімбаев соңғы сөзінде не туралы айтты

«Менің тағдырым сөз болып жатыр». Бишімбаев соңғы сөзінде не туралы айтты
Фото: Видеодан кадр 06.05.2024 10:06 12394

Айыпталушы Қуандық Бишімбаев соттағы соңғы сөзін сөйледі. Ол өзіне тағылған қасақана кісі өлтірді деген айыпты мойындамады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Сіздер Құдайға сенсеңіздер, мен де сенемін. Ол бізді сынап жатыр. Сол күні 8 қарашада мен сынақтан өтпей қалдым. Менің ата-анам мен жақындарымның ешқандай кінәсі жоқ. Мен қолыммен істегенді мойныммен көтеремін. Алқабилер алқасы! Сіздер мені түсініңіздер. Менің тағдырым сөз болып жатыр. Әлеуметтік желіде мені жеккөрінішті етіп, жалған ақпараттар таралып жатыр. Соттың өзінде адвокат Игорь Вранчев маған қарсы қоюға тырысып жатыр. Өздеріңізге сұрақ қойыңыздаршы. Менің орнымда қарапайым азамат болғанда осыншама жалған ақпарат таралатын ба еді? Әлеуметтік желіде осыншама жала болады ма? Дәлелдерсіз ол кісіге осындай ауыр қылмыс жасады деп айып тағылар ма еді? Бір сәт жақын адамдарыңыздың біріне осындай сынақ болғанын елестетіп көріңізші? Сондай-ақ тергеуге, сотқа, куәгерлерге қысым жасалды Сіздерден өтінерім, барынша әділетті болыңыздар. Мен Салтанаттың өліміне кінәлімін. Абайсызда өлтіріп алғанымды мойындаймын. Бірақ қасақана жауыздықпен өлтірмедім, - дейді Қуандық Бишімбаев.

Бишімбаев Нүкеновтер отбасынан кешірім сұрап, олардың өзіне қарсы өте ауқымды ақпараттық соғыс жүргізгенін атап өтті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға