Қандастар Ассамблея

Ата заңға енетін өзгерістерді қазақстандықтардың 76,07 % қолдады - EXIT-POLL қорытындысы

06.06.2022 279

«Қазақстан» «СОЦИС- Астана» ҚҰ жобасының жетекшісі Әлібек Тәжібаев Орталық референдум комиссиясында алғашқы Exit-poll нәтижесін айтты,- деп хабарлайды El.kz сайты BAQ.KZ сілтеме жасап.

– Бүгін біздің компания Қазақстанның барлық аймағында зерттеу жүргізді. Сайлау учаскелерінің шыға берісінде 350 мың қазақстандықтан сұхбат алды. 1500 интервьюер 315 референдум учаскесінде жұмыс істеді. Енді Exit-poll нәтижелері: Конституцияға түзетулер енгізуге қолдау көрсеткендер 76,07 пайыз, қарсылық танытқандар 23,03 пайыз. Сауалнама бойынша 67,05 пайыз азамат референдумға қатысқан, - деді Тәжібаев.