Жаңалықтар

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ-да жаңа әскери кафедра ашылды

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ-да жаңа әскери кафедра ашылды
Фото: Видеодан кадр 08.05.2024 21:10 343

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ-да Отан қорғаушылар күні қарсаңында жаңа әскери кафедра ашылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жаңа кафедра ҚР Қарулы Күштерінің әскери оқытылған резервін даярлауда және толықтыруда стратегиялық міндеттерді орындауға бағытталған. Бастапқыда 100 студентті қабылдаған кафедрада білім алушылар саны бүгінде 1000-ға жетіп отыр.

Сондай-ақ, 27 оқытушы құрам, 9 инженерлік-техникалық құрам, 15 оқу-әдістемелік бөліммен қамтылған. Әскери кафедраның профессор-оқытушылар құрамы ҚР Қарулы Күштері құрамында тиісті лауазымды қызмет атқарған, әскери-педагогикалық тәжірибесі мол офицерлер болып табылады.
 
Мамандар даярлау бойынша арнайы дәрісханалар көрнекі құралдармен, қару-жарақ үлгілерімен және әдістемелік нұсқаулармен жабдықталған. Әр пәнге арналған бағдарламалар мен Силлабустар қазіргі таңдағы ТМД мемлекеттерінде және дүние жүзіндегі қақтығыстарда қолданылып жатқан ұрыс жүргізу тактикаларын ескере отырып енгізілген.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға