Оқушылар Ордабасы тауында

Киелі жерге саяхат

Елбасымыздың «Болашаққа баңдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында  «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынған болатын. «Патриотизмнің ең жақсы үлгісі орта мектепте туған жердің тарихын оқудан көрініс тапса игі. Туған жердің әрбір сайы мен қырқасы, тауы мен өзені тарихтан сыр шертеді» – дейді Н.Назарбаев.

Өлкетану пәні бойынша Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданы, Мұхтар Әуезов атындағы жалпы орта мектебінің 6 сынып оқушылары өңірдегі киелі орын Ордабасы тауына саяхатқа шығып қайтты.  

Елбасымыздың өзі «Ордабасы – ел жүрегі, жер кіндігі» деп баға берген орын алыс 1726 жылы қазақтың үш жүзінің игі жақсыларының басы қосып, жоңғар басқыншылығына қарсы күреске халықты жұмылдырған мекен. Ордабасы тауының шыңында биіктігі 28 метр болатын монумент орнатылған. Оның үш қыры және әр қырында үш ұлы бидің айтқан сөздері жазылған тақтайшалар бар. Шәкірттер осы тарихы тереңде жатқан монументті көзімен көріп, тарихымен танысып, ұстаздары Раушан Манашовамен бірге фотосуреттерге түсіп қайтты.

Бұл саяхатты ұйымдастырушылардың бірі мектеп мұражайының жетекшісі Әсия Жүзеева: «Бұл шара оқушылардың бойына патриоттық сезім ұялатып, қазақ тарихымен жақынырақ танысу үшін жасалып отыр» – дейді.