Жаңалықтар

Биыл 66,7 гектар жерге жас ағаштар отырғызылды

Ағаштардың түзу өсуіне күту жұмыстары жасалынып жатыр.
Биыл 66,7 гектар жерге жас ағаштар отырғызылды
Фото: El.kz 21.09.2022 17:06 2209

Екі жасар қарағай көшеттері «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің питомнигінде өсіріледі, деп хабарлайды El.kz

Бурабай – қарағай-қайың мен шөп-шалаңның сан түрін жайқалтқан көкорай шалғын орман-тоғайлы бірегей табиғи кешен.

Биыл 66,7 гектар жерге жас ағаштар отырғызылды

Ұлттық парк флорасында қызғалдақ, дөңгелек жапырақты күнбағыс, таза ақ түсті су лалагүлі секілді өсімдіктің 754 түрі, оның ішінде реликті өсімдіктердің 79, жойылып бара жатқан өсімдіктердің 21 түрі бар.

2021 жылы 65,75 гектар алқапқа 526 мың қарағай көшеті, биыл жалпы 66,7 гектар жерге жас ағаштар отырғызылған. Тұтастай алғанда, барлығы 550 мыңнан астам өсімдік, оның ішінде 497,6 мың қарағай көшеті егілген.

Биыл 66,7 гектар жерге жас ағаштар отырғызылды

Екі жасар көшеттер Бурабай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің питомнигінде өсірілген.

Биыл 66,7 гектар жерге жас ағаштар отырғызылды

«Алдымен, қарағай бүрін жинап, кептіреміз. Сосын тұқымдығын ажыратып, ерекше күтіммен көшетке айналғанша баптаймыз. Екі жылдан кейін ғана алқапқа отырғызамыз. Биыл 29,6 гектар жерге қарағай көшеттерін отырғыздық. Әріқарай өсуіне күтім жұмыстарын жүргіземіз. Тек табиғи жаңбырмен ғана өседі. Ал дәл осы жерге 238 дана қарағай көшетін ектік. Алдағы уақытта да отырғызу жұмыстары жалғаса береді», - дейді орманшы Қайырбай Балтабаев.

Биыл 66,7 гектар жерге жас ағаштар отырғызылды

Питомникте қарағайдан өзге қайың көшеттері өсіріледі. Бұл ағаш түрлері кездейсоқ таңдалып отырған жоқ. Мамандардың айтуынша, Бурабай ормандарының 65%-ы қарағай, 35%-ы жапырақты ағаштардан тұрады.

 Биыл 66,7 гектар жерге жас ағаштар отырғызылды

Бурабай және Ақылбай орман шаруашылықтарында жасыл желекті қалпына келтіру жұмыстары әріқарай жалғаса бермек.

 

 


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға