Жаңалықтар

Қуандық Бишімбаев өзі сенген балгер туралы мән-жайды айтты

Қуандық Бишімбаев өзі сенген балгер туралы мән-жайды айтты
Фото: Видеодан кадр 08.04.2024 11:49 19132

Айыпталушы Қуандық Бишімбаев  кезекті сот отырысында көріпкелдің Шымкентте тұратынын мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұған дейін Қуандық Бишімбаев әйелі жан тапсырған сәттегі оқиғаны баяндап, жедел жәрдем шақырудың орнына балгерге хабарласқанын айтқан еді. Жәбірленушінің адвокаты Жанна Оразбахова балгерге қатысты сұрақтарын қойды.

Менің таныс балгерім бар еді. Мен «Салтанат оянбай жатыр, қарап көріңізші» дедім. Балгер маған «Ол қатты шаршаған және мас, кешке дейін ұйықтасын, сосын бәрі жақсы болады» деді. Мен балгерге «Бірнәрсе оқыңызшы, Салтанат тез жазылып кетсін» дедім. Сосын Бақытжан Байжановқа дәрі әкеліп бер дедім, - деген еді Қуандық Бишімбаев.

Оның айтуынша, балгермен біраз уақыттан бері таныс.

Балгер Шымкент қаласында тұрады. 1-1,5 жылдан бері таныспыз. Осы уақытқа дейін бизнесім бойынша хабарласып, сұрайтынмын. Менің ойымша, оның айтқаны дәл келетін. Сондықтан, Салтанаттың басындағы көгерген жері үлкейген соң, сұрайын деп өзіне телефон соқтым, - деді Қуандық Бишімбаев.

Сондай-ақ айыпталушы өзінің балгерге сенгенін қайталады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға