Жаңалықтар

Еліміздегі ең танымал прокурорлар қазақстандықтарды мерекемен құттықтады

Еліміздегі ең танымал прокурорлар қазақстандықтарды мерекемен құттықтады
Фото: Бас прокуратураның баспасөз қызметі 07.05.2024 12:30 535

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың сотындағы сөйлеген сөздері арқылы елдегі ең танымал мемлекеттік айыптаушыларға айналған прокурорлар қазақстандықтарды Отан қорғаушы күнімен және Жеңіс күнімен құттықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мемлекеттік айыптаушылар Айжан Аймағанова мен Саяхат Нұрбековтің құттықтауын Бас прокуратура өзінің Telegram-арнасында жариялады.

Астана қаласының прокуратурасы сіздерді 9 мамыр – Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтайды. Сіздерге бақ-береке тілейміз! Елімізде әрдайым бейбітшілік пен тыныштық болсын! – деді Нұрбеков.

Өз кезегінде Айжан Аймағанова қазақстандықтарды Отан қорғаушы күнімен құттықтады.

Барлық ер азаматтарды Отан қорғаушы күнімен құттықтаймыз! - деді ол.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға