Жаңалықтар

«Авестадағы» ортаазиялық атаулар

Өткен басылымдарда «Арийлер. Олар кімдер?» деген мақалада зороастризм дінінің қасиетті кітабы «Авестаға» негізделіп, Арийлер этносының пайда болып, дамыған орталығы Орталық Азия болғанын дәлелдейтін деректер келтірген болатынбыз. Енді сол ойымызды жалғастырып, «Авестада» кездесетін Орталық Азиядағы кейбір географиялық атамаларға тоқталайық. Видевдаттың бірінші бөлімінде Спитама Заратуштра пайғамбарға Ахура-Мазда тәңірі өзі жаратқан үлкенді-кішілі 16 ел туралы әңгімелейді. Олардың біріншісі: «Арианам-Байда (Арианам Вайджа) – «арийлықтар елі», «арийлықтар аймағы» деп айтылатын жер аты. Ол елде Бақбіи-Датіитә (Вахви-Дария) деген өзен болған. Бұл атаудан да «алтай» деген түркі кезеңіндегі сөздердің «иісі аңқып тұрғандай» (Көктәнді Хамза. Аспан мен даланың төрт ұмытылған тарихы. Бірінші кітап. «Қасиет», Мәскеу, 2001. Екінші ұмытылған тарих кітабы, Заратуштра пайғамбардың ұмытылған тарихы). Келтірілген үзіндідегі автордың тұжы­рымдамасын түгел қол­даймыз. Себебі арийлердің пайда болған орталықтарының бірі Орталық Азияның ортасындағы Алтай өңірі дегені шындыққа келеді. «Авеста» кітабында жазылған мәліметтерге қарағанда, арийлерде 16 мемлекет болған. Олардың географиялық орталықтары елдер (мемлекеттер) деп көрсеткен. Бірінші Айрианам-Вайджа елі Датья (Дайтия) қазіргі Әмудария өзенінің алқабына орналасқан. («Қайырымды, берекелі Датия») ертедегі арийлердің аңыз отаны деп есептеледі. Шамасы, тікелей мағынасы «арийлер жазығы» немесе «арийлік қарқын», өріс (арийский размах) дегенді білдіреді. Кейбір еуроцентристер Рахны Еділ (Волга) өзенінің ескі парсы тіліндегі атауы деп жазып келеді. Шындығында, Рахны өзені – Сырдарияның көне төл атауы. Тек көптеген еуроцентристердің Еділ өзенін Орталық Азияның оңтүстігіндегі Ранхан өзенімен шатастырып жүрулері жергілікті географияны білмегендіктен ғана емес, олар әдейі бұл аймақты Арийлердің ежелгі қонысы, олардың «нәсілі еуропалық этнос­тар» деген қисынсыз пікірді дәлелдемекші тарихшылардың ықпалымен жазылған болуы керек. Әйтпесе үш қайнаса сорпасы қосылмайтын Шығыс Еуразияның түйіскен жеріндегі ең үлкен өзен парсы тілімен қалай Ранхан деп аталады? Бұндай қияли пікірдің ғылымға қатысы жоқ. Бұл аймақтардың қысы ұзақ әрі қатты аяз болса, жазы қысқа болып келетіні айтылған. Еділ өзенінен шығысқа қарай Сібір, Алтай өңірлеріне дейінгі кең-байтақ жерлердің табиғаты «Авестадағы» жазылғанға тура келеді. Қазірдің өзінде де бұл өлке Еуропаның шығыс бөлігінен шығысқа қарай созылып жатқандығы, Орталық Азияның осы бөлігіндегі табиғаттың қатал екені баршаға мәлім. Бұл географиялық аймақ Қазақстанның да барлық орталық, солтүстік, шығыс аймақтарын қамтиды. Белгілі «Авестаны» зерттеуші Х.Көктәнді Бірінші елге Әмудария (Окс) және Сырдария (Яксарт) аймақтарын кіргізіп, мына пікірлерді алға тартады: «Ахура-Мазданың бұл бірінші мемлекеті Окс пен Яксарт өзендерінің жағасында жайласқан болса, кейінірек ол аңыздық мемлекеттің көне аты болып қалған… Бірақ, бәрінен қызығы, Герцфельдтің пікірі, ол Эранвез бен Тұран – бір мемлекет, Түркістанда жайласқан, бұл жерде Иранға көшіп кетуден бұрын медиялықтар мен парсылар өмір сүрген. Бұл ежелгі замандарда жер жаннаты болып, кейіннен ауа райы өзгерген және табиғаттың осы құбылысы елдердің ұлы қоныс аударуына, көшіп кетуіне себеп болған. Эранвез солайша арийлер мемлекеті Тұран мемлекетіне айналған деген дәйектеме ұсынады. Шындығында, «Авестада» Тұран атауы кездеседі. Сонымен бірге арийлықтар осы өңірден өздерімен тотем-тәңірлерді Еуропаға алып келіп, кейіннен грек мифологиясының тұтас дастандарын тудырады… Біздің ұйғарымымызда Ахура-Мазду иеленген бірінші мемлекет – Түркістан өлкесі. Сондай-ақ бұл бірінші мемлекет осынау елдердің ең шеткі солтүстік нүктесіне орналасқанын байқаймыз. Қаратау, Тарса – тәңірліктер жайлаған Тараз, Түркістан – бұл күні де аталып отырған елдердің солтүстік шекарасы. Осы күнде де Түркістан өлкесінің Орта Азия халықтарында қасиетті мекен саналуы осындай өте көне дәуірлерден тамыр тартады». Келтірілген автордың пікірін сол күйінде қабылдаймыз. Оны ойдың елегінен өткеріп, оны шындыққа сай демекшіміз. Окс (Әмудария) пен Яксарт (Сырдария) өзендерінің алқаптарына кіретін Тұран ойпаты бірінші елге жатады деуіне қосыламыз. Тұран ойпатының солтүстігі Еділмен жалғасып жатыр. Оның үстіне бұл өлкенің солтүстік бөлігінің табиғаты да Еділ өзенінің өңіріне біршама сәйкес келеді. Сондықтан Әмудария мен Сырдарияның алқаптары болған Тұран ойпаты арийлердің жайласқан ежелгі Отаны екенін мойындау керек. Қос өзеннің аймағында орналасқан Тұран ойпаты ежелден жер жаннаты болып, онда алғашқы түркітілдес этностар пайда болып, алғашқы өркениеттің негізін салған. Ежелден парсылар тұрандықтармен көрші жатып, талай рет Әмудария мен Сырдария өңірлерін отарластыру үшін жойқын соғыстар ашқанына тарих куәгер. Мысалы, Кир мен Дарий жорықтары. Сөйтіп, Ахура-Мазда жаратқан бірінші мемлекет Еділ өзенінің алқаптарынан Әмудария мен Сырдария алқаптарындағы Тұран ойпатын түгелімен қамтыған. Кейін бұл аймақ қасиетті Түркістан жері болып тарихқа кірген. Сондықтан да «Авестада» Тұран елін бірінші орынға қоюын кездейсоқ деп атауға болмайды. Бұл тұста Әмудария мен Сырдария жер жаннаты аталып, алғашқы адамдардың өрбіген аймақтарының бірі болған. Жергілікті этностар, арийлердің осы аймақта алғашқы өркениеттері пайда болған. Міне, осындай шындыққа негізделіп, Түркістанды бірінші сатыға көтерген. Арийлер байырғы Алтайдан тараған сақ, иран, тұран, үнді, үнді-еуропа халықтарының аталық тегі болған ең ескі этностық атау деген тұжырымды қазіргі кездегі тарихшылардың көпшілігі қолдайды. Бұл тұжырымға біз де қосыламыз. Бірақ арийлердің арасына үндіеуропалық этностарды араластыруды орынсыз деп қараймыз. Олардың ежелгі мекендері – Алдыңғы Азия мен Еуропа құрлығы. Сондықтан Тұран өлкесін ежелден мекендеген түркітілдес этностар: арийлер, оның құрамында – дақтар, тұрандар, набиандар, панксандар, сирақтар, аорстар, скифтер, сақтар, хорезмдіктер, массагеттер және бізге әлі белгісіз тайпалар болған. Автохтонды этностардың жалпы атамалары Ария өзенінің атымен аталған. Уахит Шәлекенов, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры
11.11.2013 04:23 4638

Өткен басылымдарда «Арийлер. Олар кімдер?» деген мақалада зороастризм дінінің қасиетті кітабы «Авестаға» негізделіп, Арийлер этносының пайда болып, дамыған орталығы Орталық Азия болғанын дәлелдейтін деректер келтірген болатынбыз. Енді сол ойымызды жалғастырып, «Авестада» кездесетін Орталық Азиядағы кейбір географиялық атамаларға тоқталайық.
Видевдаттың бірінші бөлімінде Спитама Заратуштра пайғамбарға Ахура-Мазда тәңірі өзі жаратқан үлкенді-кішілі 16 ел туралы әңгімелейді. Олардың біріншісі: «Арианам-Байда (Арианам Вайджа) – «арийлықтар елі», «арийлықтар аймағы» деп айтылатын жер аты. Ол елде Бақбіи-Датіитә (Вахви-Дария) деген өзен болған. Бұл атаудан да «алтай» деген түркі кезеңіндегі сөздердің «иісі аңқып тұрғандай» (Көктәнді Хамза. Аспан мен даланың төрт ұмытылған тарихы. Бірінші кітап. «Қасиет», Мәскеу, 2001. Екінші ұмытылған тарих кітабы, Заратуштра пайғамбардың ұмытылған тарихы).
Келтірілген үзіндідегі автордың тұжы­рымдамасын түгел қол­даймыз. Себебі арийлердің пайда болған орталықтарының бірі Орталық Азияның ортасындағы Алтай өңірі дегені шындыққа келеді.
«Авеста» кітабында жазылған мәліметтерге қарағанда, арийлерде 16 мемлекет болған. Олардың географиялық орталықтары елдер (мемлекеттер) деп көрсеткен. Бірінші Айрианам-Вайджа елі Датья (Дайтия) қазіргі Әмудария өзенінің алқабына орналасқан. («Қайырымды, берекелі Датия») ертедегі арийлердің аңыз отаны деп есептеледі. Шамасы, тікелей мағынасы «арийлер жазығы» немесе «арийлік қарқын», өріс (арийский размах) дегенді білдіреді.
Кейбір еуроцентристер Рахны Еділ (Волга) өзенінің ескі парсы тіліндегі атауы деп жазып келеді. Шындығында, Рахны өзені – Сырдарияның көне төл атауы. Тек көптеген еуроцентристердің Еділ өзенін Орталық Азияның оңтүстігіндегі Ранхан өзенімен шатастырып жүрулері жергілікті географияны білмегендіктен ғана емес, олар әдейі бұл аймақты Арийлердің ежелгі қонысы, олардың «нәсілі еуропалық этнос­тар» деген қисынсыз пікірді дәлелдемекші тарихшылардың ықпалымен жазылған болуы керек. Әйтпесе үш қайнаса сорпасы қосылмайтын Шығыс Еуразияның түйіскен жеріндегі ең үлкен өзен парсы тілімен қалай Ранхан деп аталады? Бұндай қияли пікірдің ғылымға қатысы жоқ. Бұл аймақтардың қысы ұзақ әрі қатты аяз болса, жазы қысқа болып келетіні айтылған. Еділ өзенінен шығысқа қарай Сібір, Алтай өңірлеріне дейінгі кең-байтақ жерлердің табиғаты «Авестадағы» жазылғанға тура келеді. Қазірдің өзінде де бұл өлке Еуропаның шығыс бөлігінен шығысқа қарай созылып жатқандығы, Орталық Азияның осы бөлігіндегі табиғаттың қатал екені баршаға мәлім. Бұл географиялық аймақ Қазақстанның да барлық орталық, солтүстік, шығыс аймақтарын қамтиды.
Белгілі «Авестаны» зерттеуші Х.Көктәнді Бірінші елге Әмудария (Окс) және Сырдария (Яксарт) аймақтарын кіргізіп, мына пікірлерді алға тартады: «Ахура-Мазданың бұл бірінші мемлекеті Окс пен Яксарт өзендерінің жағасында жайласқан болса, кейінірек ол аңыздық мемлекеттің көне аты болып қалған… Бірақ, бәрінен қызығы, Герцфельдтің пікірі, ол Эранвез бен Тұран – бір мемлекет, Түркістанда жайласқан, бұл жерде Иранға көшіп кетуден бұрын медиялықтар мен парсылар өмір сүрген. Бұл ежелгі замандарда жер жаннаты болып, кейіннен ауа райы өзгерген және табиғаттың осы құбылысы елдердің ұлы қоныс аударуына, көшіп кетуіне себеп болған. Эранвез солайша арийлер мемлекеті Тұран мемлекетіне айналған деген дәйектеме ұсынады. Шындығында, «Авестада» Тұран атауы кездеседі. Сонымен бірге арийлықтар осы өңірден өздерімен тотем-тәңірлерді Еуропаға алып келіп, кейіннен грек мифологиясының тұтас дастандарын тудырады… Біздің ұйғарымымызда Ахура-Мазду иеленген бірінші мемлекет – Түркістан өлкесі. Сондай-ақ бұл бірінші мемлекет осынау елдердің ең шеткі солтүстік нүктесіне орналасқанын байқаймыз. Қаратау, Тарса – тәңірліктер жайлаған Тараз, Түркістан – бұл күні де аталып отырған елдердің солтүстік шекарасы. Осы күнде де Түркістан өлкесінің Орта Азия халықтарында қасиетті мекен саналуы осындай өте көне дәуірлерден тамыр тартады».
Келтірілген автордың пікірін сол күйінде қабылдаймыз. Оны ойдың елегінен өткеріп, оны шындыққа сай демекшіміз. Окс (Әмудария) пен Яксарт (Сырдария) өзендерінің алқаптарына кіретін Тұран ойпаты бірінші елге жатады деуіне қосыламыз. Тұран ойпатының солтүстігі Еділмен жалғасып жатыр. Оның үстіне бұл өлкенің солтүстік бөлігінің табиғаты да Еділ өзенінің өңіріне біршама сәйкес келеді. Сондықтан Әмудария мен Сырдарияның алқаптары болған Тұран ойпаты арийлердің жайласқан ежелгі Отаны екенін мойындау керек. Қос өзеннің аймағында орналасқан Тұран ойпаты ежелден жер жаннаты болып, онда алғашқы түркітілдес этностар пайда болып, алғашқы өркениеттің негізін салған. Ежелден парсылар тұрандықтармен көрші жатып, талай рет Әмудария мен Сырдария өңірлерін отарластыру үшін жойқын соғыстар ашқанына тарих куәгер. Мысалы, Кир мен Дарий жорықтары. Сөйтіп, Ахура-Мазда жаратқан бірінші мемлекет Еділ өзенінің алқаптарынан Әмудария мен Сырдария алқаптарындағы Тұран ойпатын түгелімен қамтыған. Кейін бұл аймақ қасиетті Түркістан жері болып тарихқа кірген. Сондықтан да «Авестада» Тұран елін бірінші орынға қоюын кездейсоқ деп атауға болмайды. Бұл тұста Әмудария мен Сырдария жер жаннаты аталып, алғашқы адамдардың өрбіген аймақтарының бірі болған. Жергілікті этностар, арийлердің осы аймақта алғашқы өркениеттері пайда болған. Міне, осындай шындыққа негізделіп, Түркістанды бірінші сатыға көтерген. Арийлер байырғы Алтайдан тараған сақ, иран, тұран, үнді, үнді-еуропа халықтарының аталық тегі болған ең ескі этностық атау деген тұжырымды қазіргі кездегі тарихшылардың көпшілігі қолдайды. Бұл тұжырымға біз де қосыламыз. Бірақ арийлердің арасына үндіеуропалық этностарды араластыруды орынсыз деп қараймыз. Олардың ежелгі мекендері – Алдыңғы Азия мен Еуропа құрлығы. Сондықтан Тұран өлкесін ежелден мекендеген түркітілдес этностар: арийлер, оның құрамында – дақтар, тұрандар, набиандар, панксандар, сирақтар, аорстар, скифтер, сақтар, хорезмдіктер, массагеттер және бізге әлі белгісіз тайпалар болған. Автохтонды этностардың жалпы атамалары Ария өзенінің атымен аталған.

Уахит Шәлекенов,
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық
университетінің профессоры

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға