Жаңалықтар

Арийлер мекендеген жерлер туралы ғалымдар зерттеуі

Б.з.б. ІІ мыңыншы жылдардың екінші жартысында Қара теңіздің солтүстік даласын, Еділ өзенінің шығысындағы кең далалықты арийлер мекендеп, олар қола мәдениетін пайда еткен деген ғалымдар: Л.Н. Гумилев, Г.А.Федров-Давидов, А.П.Окладников, С.В.Киселеев, С.П.Толстов, С.С.Черников және т.б. С.П.Толстов былай жазған: «Датировка памятников Тазабагьябской культуры соответсвует датировке культур андроновской и срубной и может быть определена временем около середины ІІ тысячелетия до н.э.». Бұл пікірді айтушылардың басым көпшілігі – Кеңес өкіметі жылдарындағы Орталық Азияны зерттеген белгілі тарихшылар мен археологтар. Олардың жазған географиялық аймақтарда қола дәуіріндегі андронов пен срубный мәдениетінің ашылғанында ешбір келіспеушіліктер жоқ. Бірақ сол мәдениеттерді жасаған үндіирандық этностар деген тұжырымды қолдау мүмкін емес. Ежелден Қара теңіздің солтүстігіндегі кеңестік, Солтүстік Кавказ және Еділ өзенінің алқаптары түркітілдес арийлердің, оның ұрпақтары скиф пен сарматтардың жайлаған автохтондық Отанының бір бөлігі. Үндіеуропалық ирантілдес бұл аймақта еш уақытта болмаған. Ертеде Еділ өзенін парстар Ранха деп атаған болса, олар өздерінің төңірегіндегі көршілердің жер, су атамаларын иран тілінде атағандары баршаға мәлім. Жоғарыда аталған ғалымдар еуроцентристердің әсері бойынша пікірлерін ашық айта алмаған. Қола дәуіріндегі осы мәдениеттерді пай­да еткен үндіирандық тайпалар емес, жергі­лікті түркітілдес этностардың ата-бабалары – арийлер. Сібір, Орал алқабын, бүкіл Орталық Азияны – қола дәуірінде осынша кеңістікті мекендеген өзара туысқан түркі нәсілді этностар тамаша мәдениетті пайда еткен. Бұл жетістік тарих ғылымында «андронов мәдениеті» деп аталып келеді. Тарихтың бұл кезеңіне жататын алғашқы ескерткіш Батыс Сібірдегі Ачинсктың жанындағы Андронов селосының қасындағы обадан (қорғаннан) табылған. Осы ескерткіштен табылған жәдігерлерді «андронов мәдениеті» деп атап кеткен. Қола дәуіріне жататын мәдениеттің аты жасалмалы, яғни топономиялық селоның аты. Олай болса, осы тарихи кезеңде алғашқы өркениетке жеткен этностар – арийлер және олардың ұрпақтары. Сөйтіп, қола дәуірінде өмір сүрген, осынша алға өрлеп, өз дәуірінің мәдениетін жасаған адамдардың ақыл-ойларының жемісі екенін мойындауымыз қажет. Қола дәуірінің ескерткіштері Орталық Азияда, оның бір бөлігі Қазақстанда кең көлемде мол сақталған. ХХ ғасырда қола мәдениеті Қазақстанда кең көлемде зерттелді. Оларды зерттеуші ғалымдар: М.П.Грязнов, О.А.Кривцова-Гракова, К.В.Сальников, А.Х.Марғұлан, К.А.Акишев, А.М.Оразбаев, С.С.Черников, М.К.Қадырбаев, З.Самашев, Ж.Құрманқұлов, А.Т.Төлеубаев, А.Бисенов және т.б. Бұлардың бәрі Қазақстан жерінен түгел қола дәуірінің мәдениетін ашты. Қазақстандағы қола ескерткіштерін А.Х.Марғұлан, К.А.Акишев және А.М.Оразбаевтар төмендегі дәуірлерге бөледі: «Были выделены 2 этапа андроновской культуры: нуринский – ХVІ-ХV в.в. до н.э. и атасуский – ХІV-ХІІІ в.в. до н.э.; бегазы-дандыбаевская культура эпохи поздней бронзы – Х-VІІІ в.в. до н.э. и памятники переходного периода – ХІІ-ХІ в.в., до н.э.». Қола дәуірінің осы кезеңдеріне жататын ескерткіштер Қазақстанның барлық аймақтарынан ашылды. Сөйтіп, Қола мәдениеті Орталық Азиядан, әсіресе, оның орталықтарынан, солтүстік Кавказ бен Қара теңіздің солтүстік далаларынан ашылып, бұл мәдениеттің жоғары дәрежеде дамығаны адамдарды таңғалдырды. Б.з.б. ІІ мың жылдықтың жартысы мен 1 мыңыншы жылдардың басында Батыс Сібір мен Орталық Азияны мекендеген тайпалардың мәдениетін алғашқы рет 1914 жылы Ачинск қаласының қасындағы Андронов селосына жақын жердегі обадан табылған артефактыны осы отырықшы орынның атымен атаған. Ол мәдениетті пайда етуші, оны мейлінше дамытушы қандай этностар екенін тарих ғылымы дәлелдеген жоқ. Сондықтан қола дәуірінде осы мәдениетті пайда еткен қандай этностар екенін біле алмай, оны Андронов селосының атымен атап келе жатыр. Мәдениетті, тұрақты мекендерді адамдар жасайды. Бұл проблеманың осынша уақыт ішінде шешімінің табылмау себебі, біздіңше, еуроцентристік көзқарастың салдары. Қола дәуірінде өмір сүріп, алғашқы өркениеттің негізін салған арийлер екенін «Авеста» кітабындағы деректер дәлелдейді. «Авестадағы» тілден басқа деректердің басым көпшілігі Орталық Азиядан, Солтүстік Кавказ бен Қара теңіздің солтүстік өңірлерінен және Сібірден археологтар ашып келеді. Олар тамаша сапалы, мәндері зор жәдігерлер тапты. Солай болса да, аттары аталған географиялық аймақтардан ашылған мәдениетті үндіирандық, үндіеуропалық тілдегі аттары белгісіз этностар емес, оның негізін салушы және дамытушы – арийлер. Олар осы географиялық орталықты ежелден иеленген, автохтондық ертедегі түріктердің бабалары – арийлер. Осы шындықты бұрмалап, еуроцентристер әлем түріктерін «жабайы», «тағы», «артта қалған туземецтер» деген пікір негізінде қарап, арийлердің қола дәуірінде алғашқы өркениеттерге жеткен этнос екендігін мойындағылары келмейді. Бірақ шындық қапшықтың түбінде тек жатпайтынын еске алсақ, түбі ақиқат өзінің тиісті бағасын алады. Орталық Азияда қола мәдениетін жасап, оны жоғарғы сатыға көтерген – арийлер этносы. Бұл көзқарасты жиналған жәдігерлер мен жазба деректер жыл сайын дәлелдеуде. Кейінгі жылдарда «Авеста» (Занд. Авеста) кітабына деген қызығушылық қазақ зиялыларының арасынан да шыға бастады. Олардың арасында бұл құнды еңбекті қазақ тілінде айрықша талдап, көп жылдар бойына зерттеген Хамза Көктәндіні айтуға болады. Ол бірнеше прозалық шығармаларды жариялаған жазушы бола тұра, осындай тарихи-философиялық мәселеге қалам тартқан. Бұл кітап төрт бөлімнен құрылған: «Ху-Тара тәңірінің ұмытылған тарихы»; «Заратуштра пайғамбардың ұмытылған тарихы»; «Афрасиабтың ұмытылған тарихы»; «Шыңғыс ханның ұмытылған тарихы». Осы бөлімдердің екіншісі: «Заратуштра пайғамбардың ұмытылған тарихы» туындысы біздің көтеріп отырған проблемаға тікелей қатысы бар. Монографияның осы бөлімінде «Авеста» (Абасты) кітабын жан-жақты талдап, оған шамасы келгенше объективті пікір білдірген. Автор түркітілдес халықтың өкілі болғандықтан, «Авеста» кітабындағы оқиғаларды терең білгендігі және оның ғылыми көзқарасы кең екені байқалады. Осы еңбегінде «Авеста» кітабының негізгі мазмұны Орталық Азияның автохтондық тұрғындары болған түркітілдес халықтардың тарихымен тығыз байланысты екенін көрсете білген. Хамза Көктәндіден кейін «Абеста» (Авеста) деген атпен ғылыми мұраны С.И.Оспанов қазақ тіліне аударған. Бұрын парсы, араб, орыс тілдерінде жарық көрген «Авестаға» негізделіп, осы кітапты аударған. Аударма кезінде көне парсы тілдерімен пехевтік дыбыс ерекшеліктеріне айрықша мән бергенін айта келіп: «Біздің мұндай дыбыстық бейімделуіміз жалпы Заратуштра пайғамбардың өте ертедегі сақтар арасынан шыққандығына, оның өзінің ашқан жаңа діни көзқарасы үшін өзінен бұрынғы тәңіршілер тарапынан қысым көріп, Тұраннан Иран еліне кетуге тура келген. Яғни оның шығармасындағы Құдай, пірлер, жер, су, т.б. атаулары иран тілінен гөрі алтай, ескі түркі тіліне жақын болған деп білеміз. Ол кездегі дыбыстық жүйе әуелі 8 дауысты және 14 дауыссыз дыбыстардан басталып, кейін 11 дауысты, 22 дауыссыз дыбыстарға дейін жіктеліп көбейген (Баскаков Н.А. Историко-типологическая фонология тюркских языков. – М., Наука, 1988. – с. 15-16). …Сонымен бірге Б.Қыдырбекұлы («Түгел сөздің түбі бір»), Р.Сыздықова («Сөздер сөйлейді») еңбектеріндегі ескі түркі-қазақ сөздерін де пайдаландық. Бұл да «Авестаның» тілдік құрылымын өзінің бастапқы нұсқасына бір табан жақындата түседі деп есептейміз». Осы келтірілген үзіндіде «Авестаны» қазақ тіліне аударушы С.И.Оспанов өте сақтықпен, маман ретінде жауапкершілікпен шығармаға кешенді қарап, өзінен бұрынғы бұл мұраның аударылғанын ойдың елегінен өткеріп, «Авестаны» аударуда қажырлы еңбек еткені байқалады. Сонымен бірге аудармашы «Авеста» кітабының мазмұнына айрықша көңіл бөліп, кітаптағы Заратуштра пайғамбардың сақ тайпасынан шығып, Орталық Азиядағы өзінен бұрынғы діншілдерден қысымшылық көріп, оның Иран еліне қоныс аударғанын баяндайды. Жарық көрген кейбір түркітанушылардың еңбектеріне сүйеніп, «Авестада» баяндалатын Құдай, пірлер, жер, су, жерлеу салты және т.б. атамалар иран тілінен гөрі түріктердің көне тілдеріне жақын екенін ерекше атап өткен. «Авестаның» мазмұны: Ясна, Вендидад (Виеперед), Виеперд (Видеварат), Яшты (Яшт) бөлімдерден құралған. «Абаста» («Авеста») – біздің зерттеуімізде, осыдан 4000-5000 мың жылдай бұрын өмір сүрген Заратуштра деп аталып кеткен (біздіңше, «Жаратушы», оның басқа бір «Зоротуштра» деген аты «Зор-от-ұстаушы» деген нұсқаларға келеді) пайғамбардың «отқа табыну» дінінің негізін салушының ілімі болып табылады». Келтірілген сілтеме «Авеста» кітабын үндіеуропалық тілде жазылған деп айтудың қисынсыз екендігін көрсетеді. Заратуштра деген пайғамбардың түрікше «Жаратушы», «Зор-от-ұстатушы» сөздерінің Алтай тіл семьясына жататынына ешкім күмәнданбайтын шығар. Соған қарағанда, алғашқы Авестаның пайда болған жері Орталық Азия болып, кейін әртүрлі субъективті саяси жағдайлардың нәтижесінде Тұраннан Иран жеріне таралды деген пікірдің ғылыми негізі бар. Ол кітаптың авторы қазір бізге белгісіз. Бізге жеткен кітаптан қай этностың өкілдері жазғанын, әйтпесе, көшіргенін анықтау оңай емес. Мүмкін парсы тілін жетік білген түркітектес ғұлама болар немесе керісінше, парсытілдес ғалым шығар. Бірақ бұл кітапты үндіеуропалық тілде жазылған деп, оның дүниеге келген жері Иран деудің ғылыми негізі жоқ. Қазіргі тарихи түсінігіміз бойынша, «Авеста» кітабында баяндалатын арийлер этносы тарихтың қола дәуіріне тура келетініне тоқталдық. Бұл дәуір адам баласының тарихында алғашқы тапсыз қоғамға жатады деген тұжырымнама бойынша ұрпақтарды тәрбиелеп келе жатырмыз. Ал «Авеста» кітабына қарасақ, таптық қоғам қола дәуірінде пайда болып, құл иеленушілік мемлекеттердің пайда болғанын жазған. Бұл осы тарихи кезеңді баяндаған, жазба мәлімет беретін бірден-бір жазба дерек болған соң, оған сенбейтіндей басқа деректер жоқ. Міне, осы жазба деректерге сүйеніп, «Авеста» кітабына негізделіп, арийлердің өрбіген географиялық орталықтарына, кешенді шаруашылықтарына, өлікті жерлеу салттарына және рухани мәдениеттеріне көңіл аударайық. Уахит ШӘЛЕКЕНОВ, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры
11.11.2013 04:20 7515

Б.з.б. ІІ мыңыншы жылдардың екінші жартысында Қара теңіздің солтүстік даласын, Еділ өзенінің шығысындағы кең далалықты арийлер мекендеп, олар қола мәдениетін пайда еткен деген ғалымдар: Л.Н. Гумилев, Г.А.Федров-Давидов, А.П.Окладников, С.В.Киселеев, С.П.Толстов, С.С.Черников және т.б. С.П.Толстов былай жазған: «Датировка памятников Тазабагьябской культуры соответсвует датировке культур андроновской и срубной и может быть определена временем около середины ІІ тысячелетия до н.э.». Бұл пікірді айтушылардың басым көпшілігі – Кеңес өкіметі жылдарындағы Орталық Азияны зерттеген белгілі тарихшылар мен археологтар. Олардың жазған географиялық аймақтарда қола дәуіріндегі андронов пен срубный мәдениетінің ашылғанында ешбір келіспеушіліктер жоқ. Бірақ сол мәдениеттерді жасаған үндіирандық этностар деген тұжырымды қолдау мүмкін емес. Ежелден Қара теңіздің солтүстігіндегі кеңестік, Солтүстік Кавказ және Еділ өзенінің алқаптары түркітілдес арийлердің, оның ұрпақтары скиф пен сарматтардың жайлаған автохтондық Отанының бір бөлігі. Үндіеуропалық ирантілдес бұл аймақта еш уақытта болмаған. Ертеде Еділ өзенін парстар Ранха деп атаған болса, олар өздерінің төңірегіндегі көршілердің жер, су атамаларын иран тілінде атағандары баршаға мәлім. Жоғарыда аталған ғалымдар еуроцентристердің әсері бойынша пікірлерін ашық айта алмаған.
Қола дәуіріндегі осы мәдениеттерді пай­да еткен үндіирандық тайпалар емес, жергі­лікті түркітілдес этностардың ата-бабалары – арийлер. Сібір, Орал алқабын, бүкіл Орталық Азияны – қола дәуірінде осынша кеңістікті мекендеген өзара туысқан түркі нәсілді этностар тамаша мәдениетті пайда еткен. Бұл жетістік тарих ғылымында «андронов мәдениеті» деп аталып келеді. Тарихтың бұл кезеңіне жататын алғашқы ескерткіш Батыс Сібірдегі Ачинсктың жанындағы Андронов селосының қасындағы обадан (қорғаннан) табылған. Осы ескерткіштен табылған жәдігерлерді «андронов мәдениеті» деп атап кеткен. Қола дәуіріне жататын мәдениеттің аты жасалмалы, яғни топономиялық селоның аты. Олай болса, осы тарихи кезеңде алғашқы өркениетке жеткен этностар – арийлер және олардың ұрпақтары. Сөйтіп, қола дәуірінде өмір сүрген, осынша алға өрлеп, өз дәуірінің мәдениетін жасаған адамдардың ақыл-ойларының жемісі екенін мойындауымыз қажет.
Қола дәуірінің ескерткіштері Орталық Азияда, оның бір бөлігі Қазақстанда кең көлемде мол сақталған. ХХ ғасырда қола мәдениеті Қазақстанда кең көлемде зерттелді. Оларды зерттеуші ғалымдар: М.П.Грязнов, О.А.Кривцова-Гракова, К.В.Сальников, А.Х.Марғұлан, К.А.Акишев, А.М.Оразбаев, С.С.Черников, М.К.Қадырбаев, З.Самашев, Ж.Құрманқұлов, А.Т.Төлеубаев, А.Бисенов және т.б. Бұлардың бәрі Қазақстан жерінен түгел қола дәуірінің мәдениетін ашты. Қазақстандағы қола ескерткіштерін А.Х.Марғұлан, К.А.Акишев және А.М.Оразбаевтар төмендегі дәуірлерге бөледі: «Были выделены 2 этапа андроновской культуры: нуринский – ХVІ-ХV в.в. до н.э. и атасуский – ХІV-ХІІІ в.в. до н.э.; бегазы-дандыбаевская культура эпохи поздней бронзы – Х-VІІІ в.в. до н.э. и памятники переходного периода – ХІІ-ХІ в.в., до н.э.».
Қола дәуірінің осы кезеңдеріне жататын ескерткіштер Қазақстанның барлық аймақтарынан ашылды. Сөйтіп, Қола мәдениеті Орталық Азиядан, әсіресе, оның орталықтарынан, солтүстік Кавказ бен Қара теңіздің солтүстік далаларынан ашылып, бұл мәдениеттің жоғары дәрежеде дамығаны адамдарды таңғалдырды. Б.з.б. ІІ мың жылдықтың жартысы мен 1 мыңыншы жылдардың басында Батыс Сібір мен Орталық Азияны мекендеген тайпалардың мәдениетін алғашқы рет 1914 жылы Ачинск қаласының қасындағы Андронов селосына жақын жердегі обадан табылған артефактыны осы отырықшы орынның атымен атаған. Ол мәдениетті пайда етуші, оны мейлінше дамытушы қандай этностар екенін тарих ғылымы дәлелдеген жоқ. Сондықтан қола дәуірінде осы мәдениетті пайда еткен қандай этностар екенін біле алмай, оны Андронов селосының атымен атап келе жатыр. Мәдениетті, тұрақты мекендерді адамдар жасайды. Бұл проблеманың осынша уақыт ішінде шешімінің табылмау себебі, біздіңше, еуроцентристік көзқарастың салдары. Қола дәуірінде өмір сүріп, алғашқы өркениеттің негізін салған арийлер екенін «Авеста» кітабындағы деректер дәлелдейді. «Авестадағы» тілден басқа деректердің басым көпшілігі Орталық Азиядан, Солтүстік Кавказ бен Қара теңіздің солтүстік өңірлерінен және Сібірден археологтар ашып келеді. Олар тамаша сапалы, мәндері зор жәдігерлер тапты. Солай болса да, аттары аталған географиялық аймақтардан ашылған мәдениетті үндіирандық, үндіеуропалық тілдегі аттары белгісіз этностар емес, оның негізін салушы және дамытушы – арийлер. Олар осы географиялық орталықты ежелден иеленген, автохтондық ертедегі түріктердің бабалары – арийлер. Осы шындықты бұрмалап, еуроцентристер әлем түріктерін «жабайы», «тағы», «артта қалған туземецтер» деген пікір негізінде қарап, арийлердің қола дәуірінде алғашқы өркениеттерге жеткен этнос екендігін мойындағылары келмейді. Бірақ шындық қапшықтың түбінде тек жатпайтынын еске алсақ, түбі ақиқат өзінің тиісті бағасын алады. Орталық Азияда қола мәдениетін жасап, оны жоғарғы сатыға көтерген – арийлер этносы. Бұл көзқарасты жиналған жәдігерлер мен жазба деректер жыл сайын дәлелдеуде.
Кейінгі жылдарда «Авеста» (Занд. Авеста) кітабына деген қызығушылық қазақ зиялыларының арасынан да шыға бастады. Олардың арасында бұл құнды еңбекті қазақ тілінде айрықша талдап, көп жылдар бойына зерттеген Хамза Көктәндіні айтуға болады. Ол бірнеше прозалық шығармаларды жариялаған жазушы бола тұра, осындай тарихи-философиялық мәселеге қалам тартқан.
Бұл кітап төрт бөлімнен құрылған: «Ху-Тара тәңірінің ұмытылған тарихы»; «Заратуштра пайғамбардың ұмытылған тарихы»; «Афрасиабтың ұмытылған тарихы»; «Шыңғыс ханның ұмытылған тарихы». Осы бөлімдердің екіншісі: «Заратуштра пайғамбардың ұмытылған тарихы» туындысы біздің көтеріп отырған проблемаға тікелей қатысы бар. Монографияның осы бөлімінде «Авеста» (Абасты) кітабын жан-жақты талдап, оған шамасы келгенше объективті пікір білдірген. Автор түркітілдес халықтың өкілі болғандықтан, «Авеста» кітабындағы оқиғаларды терең білгендігі және оның ғылыми көзқарасы кең екені байқалады. Осы еңбегінде «Авеста» кітабының негізгі мазмұны Орталық Азияның автохтондық тұрғындары болған түркітілдес халықтардың тарихымен тығыз байланысты екенін көрсете білген.
Хамза Көктәндіден кейін «Абеста» (Авеста) деген атпен ғылыми мұраны С.И.Оспанов қазақ тіліне аударған. Бұрын парсы, араб, орыс тілдерінде жарық көрген «Авестаға» негізделіп, осы кітапты аударған. Аударма кезінде көне парсы тілдерімен пехевтік дыбыс ерекшеліктеріне айрықша мән бергенін айта келіп: «Біздің мұндай дыбыстық бейімделуіміз жалпы Заратуштра пайғамбардың өте ертедегі сақтар арасынан шыққандығына, оның өзінің ашқан жаңа діни көзқарасы үшін өзінен бұрынғы тәңіршілер тарапынан қысым көріп, Тұраннан Иран еліне кетуге тура келген. Яғни оның шығармасындағы Құдай, пірлер, жер, су, т.б. атаулары иран тілінен гөрі алтай, ескі түркі тіліне жақын болған деп білеміз. Ол кездегі дыбыстық жүйе әуелі 8 дауысты және 14 дауыссыз дыбыстардан басталып, кейін 11 дауысты, 22 дауыссыз дыбыстарға дейін жіктеліп көбейген (Баскаков Н.А. Историко-типологическая фонология тюркских языков. – М., Наука, 1988. – с. 15-16).
…Сонымен бірге Б.Қыдырбекұлы («Түгел сөздің түбі бір»), Р.Сыздықова («Сөздер сөйлейді») еңбектеріндегі ескі түркі-қазақ сөздерін де пайдаландық. Бұл да «Авестаның» тілдік құрылымын өзінің бастапқы нұсқасына бір табан жақындата түседі деп есептейміз».
Осы келтірілген үзіндіде «Авестаны» қазақ тіліне аударушы С.И.Оспанов өте сақтықпен, маман ретінде жауапкершілікпен шығармаға кешенді қарап, өзінен бұрынғы бұл мұраның аударылғанын ойдың елегінен өткеріп, «Авестаны» аударуда қажырлы еңбек еткені байқалады. Сонымен бірге аудармашы «Авеста» кітабының мазмұнына айрықша көңіл бөліп, кітаптағы Заратуштра пайғамбардың сақ тайпасынан шығып, Орталық Азиядағы өзінен бұрынғы діншілдерден қысымшылық көріп, оның Иран еліне қоныс аударғанын баяндайды. Жарық көрген кейбір түркітанушылардың еңбектеріне сүйеніп, «Авестада» баяндалатын Құдай, пірлер, жер, су, жерлеу салты және т.б. атамалар иран тілінен гөрі түріктердің көне тілдеріне жақын екенін ерекше атап өткен.
«Авестаның» мазмұны: Ясна, Вендидад (Виеперед), Виеперд (Видеварат), Яшты (Яшт) бөлімдерден құралған. «Абаста» («Авеста») – біздің зерттеуімізде, осыдан 4000-5000 мың жылдай бұрын өмір сүрген Заратуштра деп аталып кеткен (біздіңше, «Жаратушы», оның басқа бір «Зоротуштра» деген аты «Зор-от-ұстаушы» деген нұсқаларға келеді) пайғамбардың «отқа табыну» дінінің негізін салушының ілімі болып табылады».
Келтірілген сілтеме «Авеста» кітабын үндіеуропалық тілде жазылған деп айтудың қисынсыз екендігін көрсетеді. Заратуштра деген пайғамбардың түрікше «Жаратушы», «Зор-от-ұстатушы» сөздерінің Алтай тіл семьясына жататынына ешкім күмәнданбайтын шығар. Соған қарағанда, алғашқы Авестаның пайда болған жері Орталық Азия болып, кейін әртүрлі субъективті саяси жағдайлардың нәтижесінде Тұраннан Иран жеріне таралды деген пікірдің ғылыми негізі бар. Ол кітаптың авторы қазір бізге белгісіз. Бізге жеткен кітаптан қай этностың өкілдері жазғанын, әйтпесе, көшіргенін анықтау оңай емес. Мүмкін парсы тілін жетік білген түркітектес ғұлама болар немесе керісінше, парсытілдес ғалым шығар. Бірақ бұл кітапты үндіеуропалық тілде жазылған деп, оның дүниеге келген жері Иран деудің ғылыми негізі жоқ.
Қазіргі тарихи түсінігіміз бойынша, «Авеста» кітабында баяндалатын арийлер этносы тарихтың қола дәуіріне тура келетініне тоқталдық. Бұл дәуір адам баласының тарихында алғашқы тапсыз қоғамға жатады деген тұжырымнама бойынша ұрпақтарды тәрбиелеп келе жатырмыз. Ал «Авеста» кітабына қарасақ, таптық қоғам қола дәуірінде пайда болып, құл иеленушілік мемлекеттердің пайда болғанын жазған. Бұл осы тарихи кезеңді баяндаған, жазба мәлімет беретін бірден-бір жазба дерек болған соң, оған сенбейтіндей басқа деректер жоқ. Міне, осы жазба деректерге сүйеніп, «Авеста» кітабына негізделіп, арийлердің өрбіген географиялық орталықтарына, кешенді шаруашылықтарына, өлікті жерлеу салттарына және рухани мәдениеттеріне көңіл аударайық.

Уахит ШӘЛЕКЕНОВ,
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық
университетінің профессоры

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға