Жаңалықтар

Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман сот үкімі туралы пікір білдірді

Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман сот үкімі туралы пікір білдірді
Фото: Коллаж El.kz 14.05.2024 09:41 12174

Салтанат Нүкенованы өлтіргені үшін сотталған Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман сот үкіміне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Назым осы уақыт ішінде өзіне де, балаларына да өте қиын болғанын атап өтті.

Бір жағынан әйел ретінде, осы елдің азаматы ретінде ашық сотты қолдадым, өйткені бұл процесті қоғамның сауығуы мен терапиясына қадам ретінде қабылдаймын. Екінші жағынан, сот балалар мен маған күйзеліс болып тиді, өйткені онда адамшошырлық мән-жайлар белгілі болды. Балалар мұны қабылдап, әрі қарай да өмір сүруі керек. Әлемдегі бірде-бір балаға мұны тілемеймін. Сондықтан бәрі аяқталғанына жеңілдеп қалдық, - деді Назым Қаһарман.

Қуандық Бишімбаеваның бұрынғы әйелі Нүкеновтар отбасына тағы да көңіл айтты.

Менің ойымша, алқабилер соты істің барлық ашық және жабық материалын қарап, саналы және дұрыс шешім қабылдады, - деді ол.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға