Жаңалықтар

Сметов пен Әбужақынова әлем чемпионатының қола жүлдесі үшін күреседі

Сметов пен Әбужақынова әлем чемпионатының қола жүлдесі үшін күреседі
Фото: Olympic.kz 19.05.2024 16:18 642

Абу-Дабиде өтіп жатқан әлем чемпионатында Елдос Сметов пен Абиба Әбужақынова үшінші орын үшін күреседі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Отандасымыз Ресейдің тәжірибелі дзюдошысы Аюб Блиевке голден скорде вазаримен ұтылды. Енді Елдос бірден қола медаль үшін белдесуге шығады. Оның жұбаныш белдесуінде қарсыласы татамиге шықпайтын болғандықтан, отандасымыз бірден жеңімпаз атанып отыр. Қола медаль үшін Сметов Грузия мен Жапония балуандыры жұбының жеңімазымен күреседі. 

Олимпиада Ойындарының екі дүркін жүлдегері іріктеу кезеңінде Вьетнам, Оңтүстік Корея, Бразилия балуандарын ұтты.  айналымда 19 жастағы Мичел Аугустоның (Бразилия) қателігін кешірмей, 2 минутта таза ұтқан болатын.

Ал 48 келіде Абиба Әбужақынова жартылай финалда Моңғолия балуанынан ұтылып, қола жүлде үшін белдесуде түрік балуаны Тугче бедермен белдеседі.  

Сондай-ақ, Ғалия Тынбаева мен Нұрқанат Серікбаев жарысты ерте аяқтады. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға