Жаңалықтар

Павлодарда автобус жүргізушісі мерт болды

Павлодарда автобус жүргізушісі мерт болды
Фото: Әлеуметтік желі 19.05.2024 21:51 596

Павлодарда автобус жүргізушісі трамвай бағанасына соғылып, мерт болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Апатқа жүргізушінің жүрек талмасы себеп болған. Бұл жайлы облыстық полиция департаменті мәлім етті. 

Сурет: Әлеуметтік желі

Автобус жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, трамвай бағанасына соғылды. Ер адам жедел жәрдем көлігінде қайтыс болды, – дейді департаментте. 

Белгілі болғандай, жол апаты Казправда көшесі мен Назарбаев даңғылының қиылысында болған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға