Жаңалықтар

Алматыда жер сілкінді

Алматыда жер сілкінді
Фото: ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/DALL-E-3 20.05.2024 10:42 1035

Алматыда 2 балдық жер сілкінісі сезілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҚР ТЖМ «Сейсмологиялык зерттеу институты» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 20 мамырда Алматы уақытымен сағат 10.10-да жер сілкінісін тіркеді.

Жер сілкінісінің эпицентрі Қытай аумағында (Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 380 шақырым жерде) орналасқан. Алматыда 2 балл болып сезілді.

  • Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 12,9.
  • Магнитудасы MPV 5.7.
  • Жер сілкінісінің координаталары – 40,43° солтүстік. 77,03°Ш
  • Тереңдігі 10 км.
  • Қабылдау туралы ақпарат (MSK-64 шкаласы бойынша): Алматы 2 балл.
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға