Жайық өзеніндегі су деңгейі тағы да көтерілді
![Жайық өзеніндегі су деңгейі тағы да көтерілді Жайық өзеніндегі су деңгейі тағы да көтерілді](/storage/storage/element/2024/04/28/mainphoto/101552/1200xauto_TIr6JG9YJJuLkFV3rGdSul8NlNfByYr834VZh1Yj.jpg)
"Қазгидромет" РМК гидрологиялық мониторингінің деректері бойынша өткен тәулікте БҚО аумағынан судың келуі есебінен Атырау облысының Жайық өзенінде су деңгейі өзгерді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Облыстық жедел штабтың мәіметінше, Жайық өзені – Индербор кентіндегі су бекетіндегі деңгейі 645 см, деңгейдің +19 см-ге көтерілуі, су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу 422 см құрайды.
Жайық өзені - Махамбет кенті 743 см деңгейінде, тәулігіне + 8 см деңгейдің көтерілуі, су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу 426 см-ге жеткен
Жайық өзені - Атырау қ. гидропостындағы су деңгейі 434 см, тәулігіне + 3 см деңгейдің көтерілуі су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілуі 243 см құрайды.
Су деңгейінің одан әрі көтерілуі күтілуде.
28 сәуірде Иректі су қоймасынан ағызу 192 м3 / с құрайды, - делінген хабарламада.
![Telegram](https://el.kz/static/site/images/tel26.png)