Жаңалықтар

Судья үкім кесті: Қуандық Бишімбаев 24 жылға сотталды

Судья үкім кесті: Қуандық Бишімбаев 24 жылға сотталды
Фото: ҚР Жоғарғы сот 13.05.2024 17:00 17132

2023 жылдың 9 қарашасында Астанадағы Bau мейрамханасында әйелі Салтанат Нүкенованы аса қатыгездікпен өлтірді деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаев сотталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Алқабилер алқасы мен судья Айжан Құлбаева ақылдасып, айыпталушыға жаза кесті. Экс-министр 24 жылға түрмеге қамалды. 

Ал қылмысты жасыруға көмектескен Бақытжан Байжанов 4 жылға сотталды.

Айта кетейік, Қуандық Бишімбаевқа Қылмыстық кодекстің 99-бабы және 110-бабы бойынша айып тағылған. Ал Бақытжан Байжанов қылмыстық кодекстің 432-бабы бойынша айыпталып отыр. 

Марқұм Салтанат Нүкенова 2024 жылы 15 мамырда 32 жасқа толуы тиіс еді. Салтанат Нүкенованың өлімі Қазақстанда ғана емес, шет елдерде қызу талқыға түсті. Елімізде зорлық-зомбылық туралы заң қатаңдатылып, заңға өзгертулер енгізілді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға