Жаңалықтар

TOU студенттері сыбайлас жемқорлыққа қарсы ойында үздік атанды

TOU студенттері сыбайлас жемқорлыққа қарсы ойында үздік атанды
Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі 19.05.2024 11:48 386

Павлодар қаласындағы С.Торайғыров университетінің командасы «Антипаракрафт-2024» республикалық квест ойынында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Зияткерлік ойын жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет пен адамгершілік қағидаттарын қалыптастыру мақсатында өткізілді. Ойын түріндегі шараға отандық жоғары оқу орындарының 20 студенттік командасы қатысты.

«Антикор LAB» TОU командасы жарысқа жоғары оқу орнының комплаенс қызметінің қатысуымен дайындалды. Квест финалы Көкшетау қаласында Уәлиханов университетінің базасында өтті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға