Жаңалықтар

Астанада Сағадат Нұрмағамбетовтің 100 жылдығына арналған жарыс өтті

Астанада Сағадат Нұрмағамбетовтің 100 жылдығына арналған жарыс өтті
Фото: Астана әкімдігінің баспасөз қызметі 19.05.2024 17:18 704

Елорданың Триатлон саябағында «Жас Сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілері арасында Сағадат Нұрмағамбетовтің 100 жылдығына арналған жарыс өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

Елордалық жастар саясаты мәселелері басқармасының өкілі Әлібек Жүсіпов «Жас сарбаз – патриот ордасы» жобасы аясында Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрі, армияның тұңғыш генералы Сағадат Нұрмағамбетовтің 100 жылдығына арналған кезекті іс-шара ұйымдастырылғанын айтты.

Бәсекеге 150 ұл мен қыз қатысты.

«Жас Сарбаз» қозғалысына бір жылға жуық уақыттан бері мүшемін. Осы уақыт ішінде көптеген жаңа дос таптым. Барлық кездесулер мен іс-шараларға қатыса алмаймын, бірақ спорттық іс-шараларды ешқашан жіберген емеспін. Бүгінгі жарысқа қуана қатысамын, өйткені сынға түсіп, спортта өз мүмкіндіктерімді сынағанды ұнатамын. Достарыммен бәс жасадым, енді жарыстың басталуын асыға күтемін, - деді қатысушылардың бірі Мадина Әмірғали. 

Жарыс екі қашықтықта өтті: ұлдар үшін – 6 шақырым, қыздар үшін – 3 км. Мәреге жеткен алғашқы 6 адамға төсбелгі, алғыс хат және «Жас Сарбаз» қозғалысының символикасы бар заттар берілді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға