Жаңалықтар

Петропавлда Еріктілер мектебінің тыңдаушылары көшбасшылық қасиеттерін дамытты

Петропавлда Еріктілер мектебінің тыңдаушылары көшбасшылық қасиеттерін дамытты
06.08.2019 10:15 3803

Петропавл қаласының Достық үйінде Еріктілер мектебі өтті. Оған мектеп оқушылары, студенттер мен колледж қызметкерлері қатысты. Алдымен оқушылар Достық үйіне саяхат жасап, Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметімен танысты.

Екі күн бойына олар басқару дағдыларын, шешендік шеберлікті және көшбасшылық қасиеттерді дамытуға мүмкіндік алды.

Петропавлда Еріктілер мектебінің тыңдаушылары көшбасшылық қасиеттерін дамытты

Бұл істе оларға қаланың танымал жаттықтырушылары көмектесті. Олардың арасында «Кинотесты» ойынының ұйымдастырушысы және волонтерлік қызметті дамыту және әлеуметтік жобаларды жазу бойынша жаттықтырушы Салтанат Жакенова бар. Олар бірге команда құруға қызықты ойындар ойнады және жаңа жобаларды ойластырды. Ал Екатерина Старостина көшбасшылық қасиеттерді және жеке тұлғалық өсуді дамыту бойынша тренинг өткізді. Оның барысында балалар өздерінің мақсаттары мен оларға қол жеткізу жолдарын талдады.

Сондай-ақ, мектеп шеңберінде білім алушылардың қайырымдылық және волонтерлік ұйымдарының басшыларымен және өкілдерімен кездесілері өтті. Мектеп жұмысының соңында болашақ еріктілерге растау сертификаттары табыс етілді. 

Петропавлда Еріктілер мектебінің тыңдаушылары көшбасшылық қасиеттерін дамытты

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға