Жаңалықтар

Уақыт белдеуінің ауысуы қазақстандықтарға қалай әсер етті? Санитарлық дәрігер жауап берді

Уақыт белдеуінің ауысуы қазақстандықтарға қалай әсер етті? Санитарлық дәрігер жауап берді
Фото: pixabay.com 25.04.2024 17:20 317

Денсаулық сақтау вице-министрі – Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова 2024 жылдың наурыз айынан бастап бірыңғай уақыт белдеуіне ауысқаннан кейінгі қазақстандықтардың жағдайы туралы айтып берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Сенатта тілшілердің бірі «Бірыңғай уақыт белдеуіне ауысқалы бері 2 айға жуық уақыт өтті. Адамдардың денсаулығы жақсарғаны немесе нашарлағаны туралы жағдайлар тіркелді ме?» деп сұрақ қойды. 

Қазақстанның 20 миллион халқының атынан жауап бере алмаймын. Бірақ бұл шешімнің ғылыми негізделгенін атап өткім келеді. Алайда, бұл уақыттың ауысуы нәтижесінде аурушаңдықтың, әсіресе жүрек-қан тамырлары ауруларының айтарлықтай өсуі байқалмады деп айта аламын, - деді вице-министр.

Айжан Есмағамбетова бірыңғай уақыт белдеуіне ауысқалы бері өзінің тек бір сағатқа көбірек ұйықтайтынын ғана сезетінін айтты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға