Жаңалықтар

Солтүстік Қазақстанда түркістандық ТЖД қызметкері қайтыс болды

Солтүстік Қазақстанда түркістандық ТЖД қызметкері қайтыс болды
Фото: ТЖМ 04.04.2024 11:23 20097

2024 жылғы 2 сәуірге қараған түні Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының Тайынша қалалық аудандық аурухананың реанимация бөлімінде 1978 жылы туған Түркістан облысының ТЖД қызметкері қаза тапты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Бекжан Қуанышұлы Балданов Түркістан облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі қызметкері, Сайрам ауданының № 6 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі, азаматтық қорғау прапорщигі болған.

Бекжан Балданов Тайынша қаласына 1 сәуірде Түркістан облысының күштері мен құралдары тобының құрамында су тасқынына қарсы іс-шараларды өткізуге көмек көрсету үшін келген. 1 сәуір күні кешке өзін нашар сезініп жатқанына шағымданып, ауруханаға түсті. Ол Петропавл қаласына санавиация көмегімен ауруханаға жатуға дайындалды, - делінген ТЖМ ақпаратында.

Төтенше жағдайлар министрлігі, Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті және Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі  командирдің мезгілсіз қайтыс болуына байланысты туыстары мен жақындарына, әріптестеріне  көңіл айтады.

Солтүстік Қазақстанда түркістандық ТЖД қызметкері қайтыс болды

Фото: ТЖМ

Солтүстік Қазақстанда түркістандық ТЖД қызметкері қайтыс болды

Фото: ТЖМ

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға