Жаңалықтар

Павлодар облысында жасөспірім тоқ соғып, қайтыс болды

Павлодар облысында жасөспірім тоқ соғып, қайтыс болды
Фото: ©pixabay.com 25.04.2024 16:17 322

Павлодар облысында қайғылы оқиға орын алды, тоққа түскен 17 жастағы жігіт көз жұмды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Облыстық жедел жәрдем станциясының мәліметінше, дәрігерлер 40 минут реанимациялық іс-шаралар жасағанмен, 2007 жылы туған жасөспірімнің өмірін арашалап қала алмады.

Павлодар қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан мәліметке сүйенсек, 12 сәуірде сағат 19:00 шамасында Мойылды ауылында Ұлы Дала көшесінде орналасқан төртінші трансформаторлық қосалқы станцияда қайғылы жағдай орын алды.

Қаза болған жасөспірім әжесінің үйіне қонаққа келгені белгілі болды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға