Жаңалықтар

Аида Балаева журналист Асхат Ниязов пен Жәмила Маричеваға қатысты пікір білдірді

Аида Балаева журналист Асхат Ниязов пен  Жәмила Маричеваға қатысты пікір білдірді
Фото: El.kz 25.04.2024 18:30 350

ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева «ProTenge» телеграм-арнасының бас редакторы Жәмила Маричева мен журналист Асхат Ниязовқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мәдениет және ақпарат министрлігі өз құзыреті шегінде медиа-кеңістікте мониторинг жүргізу барысында «ProTenge» телеграм-арнасында ақпарат таралу фактісін анықтады (оны А.Ниязов репост жасаған). Алайда, кейін оны мемлекеттік органдар теріске шығарды.

Бұл материал дәйексіз деп танылуы мүмкін басқа материалдармен бірге баға беру және тиісті әрекет ету үшін ішкі істер органдарына жіберілді.

Жалған ақпарат таратуға байланысты фактілер бойынша одан әрі құқықтық баға беру, тиісті шаралар қабылдау ішкі істер органдарының құзыретіне жатады. Қазіргі уақытта іс материалдары әкімшілік сотқа жіберілді.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің полиция қызметкерлері әрекетінің заңдылығы мен негізділігін бағалауға құқығы жоқ.

Бұл «МАМ берген арыздар» деп хабарлау дұрыс емес, мұндай мәлімдемелер шындыққа жанаспайды.

Жалпы, министрлік бұқаралық ақпарат құралдарының құқының бұзылуына жол бермеу ұстанымын ұдайы ұстанады. Сондай-ақ журналистерді Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзбаған жағдайда әрдайым қорғауға дайын.

 БАҚ пен азаматтарды жалған және тексерілмеген ақпарат таратпауға шақырамыз», – деді министр.
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға