Жаңалықтар

Бельгиядан келген Жәнібек өзін асырап алған анасын көрсетті

Бельгиядан келген Жәнібек өзін асырап алған анасын көрсетті
Фото: instagram.com/muratsaveliev 05.04.2024 09:52 10393

Қазақстанға биологиялық анасын іздеп келген Жәнібек Савельев әлеуметтік желідегі парақшасында асырап алған анасын көрсетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жәнібектің айтуынша, Бельгиядағы анасының есімі – Валери. Ол анасымен бейнебайланысқа шығып, қазақстандық достарының сұрақ қойғысы келетінін жеткізді. Әйел кісі келісіп, алдағы аптада Жәнібектің оқырмандарының сауалдарына жауап беретінін айтты.

Құрметті әкелер, аналар, аға-әпкелер! Бұл мені асырап алған анам Валери. Ол маған Испанияға Бельгиядан қонаққа келді. Валери мені асырап алу үшін 2004 жылы Қазақстанның Арқалық қаласына келген. Сіздерде көптеген сұрақтың барын сеземін. Пікір алаңына сұрақтарыңызды қойыңыз, Валери оларға жауап бере алады деп ойлаймын.

«Валери неге бала асырап алды? Неліктен Валери баланы Қазақстаннан асырап алғысы келді?» деген сынды сұрақтар сіздерді де толғандыратын болар?.. – деп жазды Жәнібек.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Murat Saveliev (@muratsaveliev)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға