Жаңалықтар

Елордада жаңа аудан құрылады

Елордада жаңа аудан құрылады
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 25.04.2024 19:11 325

Астанада Алматы ауданы екі бөлініп, қайта құрылады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Халық санының өсуіне және аумақтың қала құрылысы инфрақұрылымының белсенді дамуына байланысты, сондай-ақ әкімшілік-аумақтық басқаруды оңтайландыру мақсатында Астана қаласында Алматы ауданын қайта ұйымдастыру туралы шешім қабылданып отыр. 

Бұған дейін елордалық мәслихат төрағасы Е. Е. Каналимов Астанада алтыншы аудан құруға бастамашы болған. Аталған мәселеге сәйкес аталған ауданды екі бөлікке бөлу ұсынылады:

- өзінің тарихи атауын сақтайтын – Алматы ауданының ауданы 8 518 га құрайды;

- жалпы ауданы 6 953 га болатын жаңа әкімшілік аудан (бұдан әрі - жобаланатын аудан).

Құжат жобасы жария талқылау үшін Ашық НҚА порталында орналастырылған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға