Жаңалықтар

Еркін Ғаббасов пара нысана көздеуден әлем кубогында топ жарды

Еркін Ғаббасов пара нысана көздеуден әлем кубогында топ жарды
Фото: ©El.kz 25.04.2024 23:46 581

Еркін Ғаббасов пара нысана көздеуден әлем кубогының алғашқы жарыс күнінде R1 (ерлер) дисциплинасында 250.3 ұпаймен алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл сында екінші орынды 249.0 ұпаймен Оңтүстік Корея спортшысы Парк Джинхо иеленсе, үшінші орынға Францияның спортшысы Ричард Дидье 228.4 ұпаймен тұрақтады.

Айта кетейік, Еркін Ғаббасов осы жылдың наурыз айында Нью-Дели қаласында өткен  Әлем кубогында екінші орынға ие болып, 2024 жылы Парижде өтетін Паралимпиадаға жолдама ұтып алды.

Пара нысана көздеуден Әлем кубогы Чханвон қаласында (Оңтүстік Корея) 1 мамырға дейін өтеді. Жарысқа еліміздің атынан 5 спортшы қатысады: Севда Алиева (P2), Санаш Ещанов  (R4, R5), Анна Довгелеевич (R2, R3, R10), Биғайша Махаева (Р2).

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға