Жаңалықтар

СҚО-да бір отбасының сегіз баласы иіс тиіп, уланып қалды

СҚО-да бір отбасының сегіз баласы иіс тиіп, уланып қалды
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 26.04.2024 10:26 1382

Солтүстік Қазақстан облысында көпбалалы отбасы иіс тиіп, уланып қалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Белгілі болғандай зардап шеккендер 34 жастағы балалардың анасы және сегіз бала, олардың үлкені 15-те болса, кішісі 6-да. Иіс тигендерді жедел түрде ауруханаға жеткізді.

Алдын ала мәлімет бойынша, олар қатты отынмен жанатын пешті пайдалану ережесін бұзған, яғни пештің жапқышын ертерек жауып қойған. Олар бұл үйге үш күн бұрын көшіп келген.

Бұған дейін төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері ол үйге де барып, өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндірген. 23 сәуірде газдың датчигін де орнатқан, - дейді құтқарушылар.
Осы орайда мамандар үйдегі пешті үнемі тексеріп отыруға кеңес беріп отыр.
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға