Жаңалықтар

Мұрат Нұртілеу Қытайдың Сыртқы істер министрінің орынбасарымен кездесті

Мұрат Нұртілеу Қытайдың Сыртқы істер министрінің орынбасарымен кездесті
Фото: СІМ-нің баспасөз қызметі 26.04.2024 03:23 824

Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Қазақстан-Қытай сімаралық консультацияларына қатысу үшін Астанаға келген Қытай Халық Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Сунь Вэйдунмен кездесу өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі СІМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Кездесу барысында тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастықты, мәдени және гуманитарлық байланыстарды қоса алғанда түрлі салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін, сондай-ақ өңірлік және халықаралық қауіпсіздік мәселелерін талқылады. Алдағы аса жоғары және жоғары деңгейдегі іс-шараларға ерекше назар аударылды.

М.Нұртілеу өзара құрмет, өзара түсіністік және тиімді ынтымақтастық негізінде Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасында стратегиялық серіктестікті одан әрі тереңдетуге сенім білдірді.

Өз кезегінде ҚХР Сыртқы істер министрінің орынбасары Қытай мен Қазақстан арасындағы достық қатынастарды дамыту мен нығайтудың маңыздылығын атап өтіп, барлық салаларда ынтымақтастықты кеңейту бойынша жұмысты жалғастыруға дайын екенін білдірді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға