Жаңалықтар

Жан мен тәннің үйлесімі: йоганың дінге қандай қатысы бар?

21 маусым – халықаралық йога күні.
Жан мен тәннің үйлесімі: йоганың дінге қандай қатысы бар?
21.06.2021 09:00 5633

21 маусым – халықаралық йога күні. Қазір йога әлем елдерінде өте жақсы қарқынмен дамып келеді. Алысқа бармай-ақ өз елімізді алар болсақ, бүгін де елордада көптеген йога орталықтары мен студиялар ашылып, өз жұмыстарын жүргізіп отыр. Нұр-Сұлтан қаласында 50-ден аса йога студиясы бар екен.

Халықаралық йога күні қарсаңында бірнеше йога жаттықтырушысына хабарласып, йоганың қазақ менталитетіне сіңісуі сондай-ақ йога мен діннің қандай байланысы бар екені жөнінде пікір білдіруін сұрадық.

Жан мен тәннің үйлесімі: йоганың дінге қандай қатысы бар?

(Суретте йога-терапевт Ирина Шилова)

2017 жылы Мәскеу йога университетін тәмамдаған сондай-ақ «Омыртқа йогатерапиясы», «Әйел денсаулығына арналған йога курсы», «Йога әдісі мен практикасы», «Йога және бұлшық ет» сынды кәсіби біліктілікті арттыру курстарынан өткен нұсқаушы Ирина Шиловаға төмендегі сауалды қойдық.

– Йоганың дінге қандай қатысы бар? Дінді араластырмай йогамен айналысуға бола ма?

– Осы сұраққа жиі жауап беруге тура келеді. Өкінішке қарай көпшілік арасында қате түсінік қалыптасқан. Мәселен, йога – бұл лотос позасы, ал лотос бейнесі ол – ағашты саялаған Будда деген сөз, Будда деген буддизм деп ойлайды. Бұдан өзге де ел арасында қалыптасқан дұрыс емес пікірлер бар. Йога – ешқандай да дін немесе буддизм, индуизм, кришнаизм емес. Десе де йоганың кейбір ережелері «Шынымен дін емес пе?» деп ойландырып тастауы мүмкін. Ең басты ережесін алар болсақ, йога адамгершілікті жоғары қояды. Екінші ереже – ішкі тәртіпке тәрбиелейді (тазалықты ұстану, қарапайым болу, тәртіпті болу, өзіңді тану, жақсылыққа ұмтылу, Құдайдың барын ұмытпау).

Жан мен тәннің үйлесімі: йоганың дінге қандай қатысы бар?

Егер сіз діндар адам болсаңыз, бұл ережелер сізге таныс болуы бек мүмкін. Біз мұсылман болсақ та, христиан немесе буддист болсақ та бұл баршаға ортақ нәрсе. Тіпті атеист үшін де ортақ ереже екеніне ешкім күмән келтірмес деген пікірдемін. Атеист адам Құдай деген сөзді энергия деген сөзге алмастырса болды. Йогаға бұл ержелердің не қажеті бар деген сұрақ тууы мүмкін. Осы талаптарды ұстану арқылы психикалық денсаулықты сақтап, энергия жинауға болады. Шын қаласаңыз ғана йога жаттығуларымен шұғылданыңыз. Егер өзіңізді күштеп, еркіңізден тыс жасайтын болсаңыз, ешбір нәтиже болмайтынын ұмытпаған жөн.  

Жан мен тәннің үйлесімі: йоганың дінге қандай қатысы бар?

– Йога қазақтардың менталитетіне қалай әсер етуі мүмкін?

– Йога тек қана жақсы жағынан әсер етеді деген ойдамын. Физикалық және моральдық тұрғыда дені сау адамдар өмір сүретін қоғамға ұмтылудың еш сөкеттігі жоқ. Йога ұлтқа бөлінбейді. Өзіңіз қалай қабылдайсыз, соған байланысты. Оның белгілі бір ұлттың тұрмыс-салтына сіңісуі, сол ұлт өкілдерінің қалай қабылдауына байланысты болады деген пікірдемін.   

Жан мен тәннің үйлесімі: йоганың дінге қандай қатысы бар?

Ирина Шилова йога – физикалық және психологиялық денсаулықты жақсартуға бағытталған техникалық жүйе екенін айтады.

«Жалпы айтқанда, йогамен шұғылдану арқылы адам баласы денсаулығын шынықтырып қан қоймай, өзін өте жайлы әрі көңілді сезінетіндей жағдайға жетуге тырысады. Йога жаттығуларынан кейін адамның күш-қуаты тасып, өзін өте сергек сезінеді. Йога жаттықтырушылары келушілерден «Мен икемсізбін, денем ағаш сияқты қатып қалған, йога жаттығулары маған арналмаған» деген сөзді жиі естиді. Солай айтатындарға берер жауабым: «Йога жаттығуларын орындау – кез-келген адамның қолынан келеді. Егер сіз икемсіз болсаңыз, йога сізге екі есе керек. Әдетте сау дене икемді әрі мықты болуы тиіс. Ал, ағаш секілді қатып қалған денеде омыртқа және буын ауруларының туындау ықтималдылығы жоғары болады. Өттің қоюлануы, жамбас және ішек аурулары икемсіз денеге әуес келеді. Ал, кейде тіпті шектен тыс икемді болудың да зияны барын естен шығармаған абзал. Тірек-қимыл аппаратының күшін тепе-теңдікті сақтай отырып, пайдалану – денсаулықтың кепілі. Қорыта айтқанда жүйке жүйесі мен психиканың тұрақты жұмысы да өте маңызды. Йога арқылы сіз дәл осы аса қажет нәрселерді үйренесіз әрі дамытасыз»,- дейді кейіпкеріміз әңгімесін сабақтап.

Жан мен тәннің үйлесімі: йоганың дінге қандай қатысы бар?

Ал, Иринаға білікті, өз ісін жақсы білетін йога тренерді қалай табуға болады деген сауалымызға келесідей жауап алдық.

– Йоганың бағыттары сан алуан. Егер сіз алғаш рет йога жаттығуларына ден қойсаңыз, қай йога түрін таңдап, қандай жаттықтырушыға бару керегін білмей дал болуыңыз мүмкін. Егер денсаулығыңызда еш ақау болмаса, бірнеше жаттықтырушының сабағына қатысып, сынап көріңіз, салыстырыңыз. Жаттығу барысындағы және кейінгі әсеріңізді байқап көріңіз. Көңіліңізге қонымдысын таңдаңыз. Егер ұстазыңыз үшін сіздің дамуыңыз маңызды болса, жаттығу барысында сізге оңайға соқпайды. Тәуір терлейсіз, шаршайсыз. Десе де, сіздің денеңіз қазір үзіліп кетердей немесе құлап қалатындай қатты қиналуға болмайды. Егер сіз йога жаттығуларын дұрыс жасасаңыз, денеңізде жеңілдік пен сергектік сезінесіз, күш-қуатыңыз артып, ерекше тыныштыққа бөленесіз. Ескерерлік бір маңызды мәселе бар. Әрбір йога жаттығуларының техникасында дәрі секілді өзіне тән қарсы көрсеткіштері бар. Сол үшін сіздің нұсқаушыңыз сіздің денсаулығыңызға кесірін тигізіп алмас үшін, қандай да бір кінарат болса соны алдын-ала білуі тиіс. Ешқашан ұялмаңыз, жаттығуды бастамас бұрын, ұстазыңызға барып, миома, грыжа, геморрой немесе жоғары қан қысымы секілді өзіңізді мазалайтын сырқатыңыз барын айтыңыз. Йога терапевт ретінде йогаға сан алуан дәрі-дәрмекке бай дәріхана секілді қараймын. Бір техника омыртқа ауруларына тиімді болса, екінші бір техника ішкі ағзалардың төмен түсіп кетуінің алдын-алуы мүмкін. Тағы бір ескерері медицинадағы сияқты кейбір құралдарды өзгелерімен бірге қолдануға болмайды. Әр техниканың өзіндік ерекшелігі мен қолдану аясы бар,- дейді ол.             

Жан мен тәннің үйлесімі: йоганың дінге қандай қатысы бар?

– Сізде ауырлық күшінің заңдарын жоятын керемет динамика бар. Сіздің тәжірибеңіз өміріңізге қалай әсер етеді?

– Мен алғаш йогаға келгенде төрт түрлі мойын протрузиясы, бітпейтін бас ауруы, вегетативті дистония, идиопатиялық сипаттағы тұрақсыз қан қысымы, үнемі шаршаңқылық және ішкі мазмұны бір қалың дәптерге татитын медициналық картам болған. Ал мен қол жеткізген бүгінгі керемет динамика осы сұраққа жауап беріп тұрғандай. Йога арқылы өзімнің шынайы болмысымды таныдым және әр жолы өзімді жаңа қырымнан көріп келем.     

Айгүл Доскенова, хатха йога жатықтырушысы, әрі Үндістан Мемлекетінің рұқсатымен және Yoga Vidya Gurukul атты Йога институтымен расталған Йога-терапевт дипломының иесі.

Жан мен тәннің үйлесімі: йоганың дінге қандай қатысы бар?

(Суретте йога-терапевт Айгүл Доскенова)

«Йога – бұл ғылым. Бірақ, дін емес. Себебі, йогада тек Құдай туралы айтпайды. Йога физикалық және психикалық денсаулық туралы айтады. Әлемнің әр түрлі университеттерінде жүздеген сондай-ақ мыңдаған зерттеулер жүргізілді. Әсіресе Америка, Австралия, Англия, Германия, Франция сондай-ақ Үндістанды айтуға болады. Барлық зерттеулер йога жаттығуларының оң әсерін көрсетті. Біз йога жаттығуларын өзіне серік еткен адамдарға физикалық жаттығулар ғана жасатпай, өкпенің жұмысын жақсартатын, жүйке жүйесінің күшін жақсартатын және теңдесі жоқ тыныс алу жаттығуларын үйретеміз. Ал, медитация болса, күйзеліске байланысты өзгеріске ұшыраған жалпы өмірдің сапасын жақсартады. Стресстен, мазасыздықтан, депрессиядан арылуға көмектеседі. Йога арқылы стресс ақауларынан, қант диабеті, гипертония, жүрек-қан тамырлары аурулары, қатерлі ісіктер, артрит, жүйке-деградациялық және ауто-иммундық ақаулардан арылуға болатыны дәлелденген. Йога қарт адамдарға да өте пайдалы. Егде жастағы адамдардың өз проблемалары бар. Йога жаттығуларының пайдасы шашетектен. Йога әйелдерге әсіресе жүкті әйелдердің денсаулығына өте пайдалы. Сондай-ақ, менопаузаға ұшыраған немесе гормоналды проблемалармен ауыратын әйелдерге екі есе керек. Йога адамның жалпы жағдайын жақсартады, йогамен шұғылдану балаларға да өте пайдалы. Зейінді жақсартады, бақыт-қуаныш сезімдерін сыйлайды. Спорттың белгілі бір түрімен кәсіби тұрғыда шұғылданатын адамдар да йога жаттығуларын жасайды. Көбіне спортшылар өнімділікті арттыру мақсатында йогамен айналысады. Көптеген корпорациялар мен әртүрлі компанияларда басшылар стрессті басқару мақсатында йога және медитациямен айналысады. Ең бастысы йога – физикалық және психикалық денсаулыққа аса керек спорт. Бұл ғылымда расталған. Сол себепті йога – ешқандай да дін емес деп айтар едім»,- дейді Айгүл ханым.

Жан мен тәннің үйлесімі: йоганың дінге қандай қатысы бар?

Айгүл Доскенованың пікірінше, йога практикасы әрбір адамның тән саулығы үшін өте қажет.

«Йога ғылымы қазіргі уақытта өте жылдам қарқынмен дамып келеді. Әр елде йога ұстаздары мен шәкірттері көбейіп келеді. «Тәні саудың – жаны сау» деген тәмсіл бекер айтылмаса керек. Йога практикасы әрбір адамның тән саулығы үшін өте қажет. Дамыған технология адам өмірін жеңілдеткенімен, екінші қырынан кері әсерін де тигізіп жатыр. Отырысқа тәуелді кеңсе жұмысы, аз қимыл, компьютерге тәуелділік, артық салмақ салдарынан аурулар көбейді. Қалай да уақыт тауып, салауатты өмір салтын ұстануға тырыссақ қана денсаулығымыз мықты болады. Йога денсаулық үшін аса керек спорт. Йога арқылы күйзеліс бабымен туындайтын ақауларды емдеуге болады. Йоганың басқа спорт түрлерінен ерекшілігі, жан мен тән үйлесіміне пайдалы әсерін тигізеді»,- дейді Айгүл ханым сөзін қорытындылап.

Жан мен тәннің үйлесімі: йоганың дінге қандай қатысы бар?

Йога iлiмi үндiлiк өpкeниeттeн бастау алады. Көпшiлiк аpасында йоганың индуизм, буддизм дiндepiмeн байланысы баp дeгeн түсiнiк қалыптасқан. Алайда   соңғы зepттeулep нәтижeсi йогaның aтaлғaн дiндepдeн әлдeқaйдa epтepeктe қapaпaйым дeнe жaттығулapы түpiндe пaйдa болғaны дәлeлдeнгeн. Яғни, йогa қaндaй дa бip дiннiң aясындa пaйдa болғaн жоқ, кepiсiншe йогa iлiмi дaмығaн aймaқтa пaйдa болғaн дiндep йогaны өз тaнымы мeн тәжipибeсiнiң бip бөлiгi peтiндe тaбиғи түpдe eншiлeп, apы қapaй дaмытты дeгeн болжам баp.

Жан мен тәннің үйлесімі: йоганың дінге қандай қатысы бар?

Йоганың шығу таpихына үңiлiп көpсeк, бiздiң дәуipiмiзгe дeйiнгi 3300-1700 жылдap apaлығындa өмip сүpгeн eжeлгi Үндi өpкeниeтi тұсындa тaсқa тaңбaлaнғaн йогa тәpiздeс жaттығулapмeн aйнaлысушы aдaмдapдың 16 суpeтi тaбылғaн дeгeн дepeк баp. Aл «йогa» aтaуының өзi aлғaш peт eжeлгi үндi әдeби eскepткiшi «Pигвeдaдa» кeздeскeн eкeн.

Eжeлгi үндi сeнiмi – Вeдa дiнiнiң нeгiзгi eңбeктepi мeн олapғa бiздiң дәуipiмiзгe дeйiнгi X–VI ғaсыpлap apaлығындa жaзылғaн түсiндipмeлepдe «йогa» ұғымы мeн оның түpлepiнe, epeкшeлiктepiнe қaтысты мәлiмeттep жиi кeздeсeдi. Осығaн оpaй, зepттeушiлep йогaны бepтiнгi вeдa дiнiндe aскeттiк тәжipибe peтiндe қолдaнылғaн дeп сaнaйды.

Жан мен тәннің үйлесімі: йоганың дінге қандай қатысы бар?

Б.д.д. II ғaсыpдa өмip сүpгeн үндiлiк aвтоp Пaтaнджaлидiң «Йогa-сутpa» aтты eңбeгiндe йогa iлiмi aлғaш peт жaн-жaқты жүйeлeнiп, философиялық тұpғыдaн нeгiздeлiп бepiлгeн. Пaтaнджaли йогaны «aқыл-ойды aуыздықтaушы iлiм» peтiндe тaныды. Осы кeзeңнeн бaстaп йогa үндi философиясының жeкe бip мeктeбi peтiндe сaнaлa бaстaды.

Йогa iлiмi буддизм дiнiнe дe eлeулi әсep eттi. Буддизмдeгi «мaхaянa» мeктeбiнiң тәжipибeсiндe, әсipeсe соңғы «нұpлaну» сaтысынa көтepiлу мaқсaтындaғы pухaни-тәндiк жaттығулapдa йогa бeлсeндi түpдe қолдaнылды.

Ғасырлар өткен сайын йогaның алуан түpі, сaтылapы, жaттығулapы қaлыптaса берді. Жалпы йогaны eкi үлкeн сaтығa бөлiп қapaстыруға болады. Бipiншiсi – хaтхa-йогa, ол дeнeнi шынықтыpу мaқсaтындaғы тәндiк жaттығулapды, aқыл-ойды зиянды нәpсeлepдeн apылтуды, дұpыс тыныс aлуды қaмтиды. Eкiншiсi – paджa-йогa, ол нeгiзiнeн сeзiм мeн aқыл-ойды игepiп, тиiстi apнaғa бaғыттaуды, нaзapды шоғыpлaндыpуды, сaнaны тaзapтып, нәпсiлiк тiлeктepдi aуыздықтaу apқылы жaн мeн тәннiң үйлeсiмiнe қол жeткiзудi, pухaни биiк дeңгeйгe көтepiлудi мaқсaт eтeдi.

Жан мен тәннің үйлесімі: йоганың дінге қандай қатысы бар?

Қaзip көпшілік йогa үйipмeлepi дeнe жaттығулapын үйpeтeтiн хaтхa-йогaмeн aйнaлысуғa бaғыттaлғaн. Оның дiн iлiмiнe, сeнiм нeгiздepiнe қaтыстылығы жоқ.

Aл paджa-йогa pухaни тұpғыдaн жeтiлудi көбipeк көздeйтiндiктeн оның құpaмдaс бөлiгi peтiндe мaнтpaлap (дұғaлap) қaмтылуы мүмкiн. Бұл жaғдaйдa жaттығуғa бeлгiлi бip дәpeжeдe сeнiм нeгiздepі apaлaсуы мүмкін.

Осындaй epeкшeлiктepдi eскepе отырып, 2008 жылы Мaлaйзиядaғы ислaм дiнбaсылapы йогaғa қaтысты пәтуa шығapған екен. Пәтуаға сай йогaмeн дeнe жaттығулapы peтiндe aйнaлысуғa болaтыны, бipaқ мaнтpa-йогa сeкiлдi дұғaлapмeн бaйлaнысты түpлepiмeн aйнaлысуғa болмaйтыны aйтылғaн.

Жан мен тәннің үйлесімі: йоганың дінге қандай қатысы бар?

Мәселен, 1991-93 жылдap apaлығындa қaзaқ тiлiндe бaсылып шыққан «Хaтхa-йогa – өмip сүpу өнepi» aтты кiтaпта 40 түpлi aсaнa (дeнe жaттығулapы) бepiлiп, оpындaу peтi көpсeтiлгeн. Бұл eңбeктe дiни сeнiмгe қaтысты eшбip мәлiмeт бepiлмeгeн. Бір қызығы хaтхa-йогaдaғы бipқaтap жaттығулap қaзaқтың күндeлiктi өмipiндe қолданыстағы отыpыс түpлepiне ұқсайды. Соның iшiндe бiздeгi ep aзaмaттapдың мaлдaс құpып отыpуы мeн қыздapдың aяғын жинaп отыpуының өзi хaтхa-йогaдa жeкe aсaнaлap болып сaнaлaды.

Хaтхa-йогa жaттығулapының бaсым бөлiгi aяқ-қол сiңipлepiн созу, жaттықтыpу apқылы дeнeнi төзiмдiлiккe үйpeтeдi жәнe сepпiмдiлiккe бaулиды.

Жан мен тәннің үйлесімі: йоганың дінге қандай қатысы бар?

Ал, йога қазақ менталитетіне қалай келді? Шариғатымызда йога туралы үкім қандай? Бұл өте күрделі сұрақ. Осы тақырыптың айналасында дау көп. Мәселен, «Алаш айнасы» газетіне шыққан «Йоганың шариғаттағы үкімі қандай?» атты мақалада келесідей мәселелер көтерілген.

«Йоганың шыққан жері – Үндістан. Оны Индуизм философиясының алты дәстүрлі мектебінің бірі дейді. Ислам ғалымдарының зерттеулеріне сүйенсек, «Йога» – шындығына келгенде, тек спорттық жаттығу ғана емес, күнге табынушылықтың бір түрі. Йоганың негізгі аты санскрит тілінде (ескі үнді тілі) – «Сатсанга сурья намаскар» деп аталады екен. Оның мағынасы «Дененің сегіз мүшесімен күнге сәжде ету, табыну» дегенді білдіреді. Йога бірнеше жаттығудан тұрады. Соның ішіндегі ең маңызды әрі әйгілісі – Сурйа Намаскар (Күнге амандасу) жаттығуы. Бұл жаттығуларды жасау барысында «мантра» деп аталатын қасиетті сөздерді қатты дауыстап айтуы тиіс. Көбіне айтылатын мантра сөздері мыналар: «Ом храм, ом храйм, ом храум, ом хара». Бұлардың мағынасы «Уа, Құдайым» дегенді білдіреді. Бұған қоса күннің он екі есімі қайталанып айтылады. Демек, Йоганы тек спорттық жаттығу ғана деп түсіну - қателік. Бізге (әсіресе мұсылман елдерінде) тек жаттығу ретінде ұсынып жүргендігі болмаса, оның астарында діни-философиялық ұғым жатыр деуге негіз бар. Ендеше, мұсылман кісі Йогамен айналыспауы тиіс. Оның орнына өзіміздің ата-бабамыздың төл діні – Исламның үйреткен бес уақыт намазын үзбей орындау қажет»,- деп жазады.

Жан мен тәннің үйлесімі: йоганың дінге қандай қатысы бар?

Жақында ресейлік ғалым, Мәскеу мемориалды мешітінің имамы, Ресей Федерациясы Мұсылмандары Діни Басқармасының (РФ САМ) Төралқасы мен Ғұламалар Кеңесінің мүшесі, «Зекет» қайырымдылық қорының қамқоршылар кеңесінің мүшесі Шәміл Алаутдинов өзінің Youtube каналында йогаға қатысты сұраққа пікір білдірген болатын.

Жан мен тәннің үйлесімі: йоганың дінге қандай қатысы бар?

«Бірнәрсені жете білмеу әдетте орынсыз қорытындыға әкеледі»,- дейді ол. «Йогамен айналысу, медитация жасау – харам, Аллаға серік қосу екен» деген сынды пікірлерді маған да көп жазады. Біріншіден, Құранда бәзбіреулер шектеулерді ойдан шығаратыны туралы жазылған. Екіншіден, Аллаға серік қосу дегеніміз – нақты біреуді немесе затты Құдаймен теңестіріп, сосын оған табыну. Ал йога – жаттығулары арқылы денені созып, буындарды босаңсытуға мүмкіндік бар. Визуализация – жай ғана қалаған, жоспарлап жүрген нәрсені көз алдыңа елестету. Құдайға сенетін адам сұраған нәрсесін көз алдына елестете отырып, құлшылық жасамай ма? Медитация – сабыр сақтау, тыныштық, осы сәтте және кеңістікте болу. Туған күнде үрлейтін шам да жай ғана қызық дәстүр ретінде, балаларға қуаныш сыйлау үшін жасалады. Мұның бәрінде біреуге, затқа табынушылық жоқ, – деп жауап берді Шәміл Алаутдинов.

Қорыта айтқанда, йога мен діннің байланысы туралы пікір екі ұшты. Мұсылман халықтары үшін йогамен айналысу күнә немесе күнә емес деп нақты айту өте қиын.

Жан мен тәннің үйлесімі: йоганың дінге қандай қатысы бар?

Тұрақты түрде йогамен айналысу арқылы келесідей нәтижеге қол жеткізуге болады:

Дене икемді әрі иілгіш болады, сыртқы келбетке көңіл толмаушылықтан арылуға мүмкіндік бар. Бел, омыртқа, арқа ауруларымен қош айтысасыз, ауырсынуды ұмытасыз. Тамақтану қалыпқа келеді, зиянды әдеттерден бас тарту, өзін-өзі қабылдау, өзін-өзі тану, сезімдерді басқару мен олардың негізгі себептеріне үңілу сынды оң өзгерістер болады. Күрделі физикалық, өмірлік және моральдық мәселелерді шешуге күш табатындай энергия аласыз. Жұмыс пен демалыс арасындағы тепе-теңдік қалыпқа келеді. Стресс, көңіл-күйдің түсуі, мазасыздық, агрессия, жағымсыз эмоциялар, ашушаңдық сынды келеңсіздіктерге жауап беретін гормондардың түзілуі азаяды. Энергияның сарқылуы, әлсіздік, дененің салдырауы секілді жағымсыз дүниелерден біржола құтыласыз.

Йога неге танымал болып кетті?

Әлем йоганы өзінің әмбебаптылығы үшін ұнатып қалды деген пікір бар. Себебі, йога жас ерекшелігін таңдамайды. Йога жаттығуларымен кез-келген жастағы, тіпті физикалық дайындық деңгейі мүлде үйлеспейтін адамдар жасай алады. Нәтижелері де жағымды. Йога спортына ден қойып, үздіксіз жаттығатын адамдар нәтижеге тез жетеді.

Жан мен тәннің үйлесімі: йоганың дінге қандай қатысы бар?

Йога әлемдік жұлдыздар арасында да өте танымал

Қазіргі таңда йога әлемдік шоу-бизнес жұлдыздарының арасында трендке айналды. Бұл үрдіс йоганың тиімділігін тағы бір рет растаса керек. Мәселен, Мадонна, Джулия Робертс, Дэвид Духовный, Стинг сынды өзге де қаншама жұлдыздар өз өмірлерін йогасыз елестете алмайды.

Йога барлық спорт түрлерін алмастыра алады

Көпшілік негізі йога ауыр физикалық белсенділікті қамтамасыз етпейді деп ойлайды. Шын мәнінде йога барлық бұлшықет топтарын дамытады, мұнда күш жаттығулары да бар, созылу да бар. Сондықтан да йога – бүкіл әлемдегі фитнес индустриясындағы негізгі ағымдардың біріне айналды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға